Редакция таңдауы
Биыл «Шалқар» радиосының әуе толқынына шыққанына 60 жыл толды. Ұлттық радионың алпыс жылдық шежіресі – ел дамуының айтулы кезеңдері мен рухани жаңғыруының жарқын көрінісі. Арнаның өткені мен бүгінгі даму белестерінен сыр шертетін тарихи деректер мен соны мәліметтер осының айқын дәлелі іспетті.
03 Сәуір, 2026
Елді алаңдатқан есірткі саудасы
Ақпан-наурыз айларында Солтүстік Қазақстан облысында есірткі заттарын қолдану мен таратуға қатысты қылмыстық іс жиі анықталды.
03 Сәуір, 2026
Ақысыз қызмет көрсететін дәрігерлер
«Aq niet» атты ерікті дәрігерлер бірлестігін құрған оралдық бір топ жас маман Батыс Қазақстан облысының алыс ауылдарына барып, өз еріктерімен тұрғындарға тегін диагностикалық қызмет көрсетіп, ақыл-кеңес беріп жүр.
03 Сәуір, 2026
Қазіргі жас буын цифрлық технологияларды еркін қолданып, жаңа мүмкіндікті батыл игеріп келеді. Бүгінгі оқушылар тек тұтынушы емес, тың идея ұсынып, нақты өнім жасап жүрген жасампаз ортаға айналды. Осындай талапты жастың бірі – Алматы қаласындағы №214 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Нұрлыхан Майлин. Ол 17 жасында қазақ тілін үйрететін «SayRa» мобильді қосымшасын жасап шықты. Жас әзірлеуші бұл жобасы арқылы мемлекеттік тілді заманауи форматта меңгертудің жаңа жолын ұсынып отыр.
03 Сәуір, 2026
Цифрлық кеңістіктегі қазақ тілі
Жаңа қабылданған Конституция тұңғыш рет қазақ тілінде әзірленіп, мемлекеттік мүдденің ұлттық мұратпен сәйкестігін көрсетті. Өйткені бұл құжат – құқықтық акт қана емес, елдік сананың даму арнасын айқындайтын тұрлаулы тұжырымдама. Оның мемлекеттік тілде жазылғаны өзге де салаларға үлгі болуға тиіс.
03 Сәуір, 2026
«Жезтабанның» жеңісі – ізденістің жемісі
«Жезтабан» – кәдімгі робот ит. Қызылордадағы Қорқыт ата университетінің LUPIC командасы Астанада өткен «Alem TechFest» – 2026 республикалық технологиялық фестивалінде осы роботты жетілдіріп, айналаны барлап, кедергіден өте алатын «ойлы» құрылғыға айналдырған. Unitree Go2 роботына «жан бітіріп», «RoboCup Rescue» санатында бірінші орынды иеленген команда капитаны – университеттегі Жасанды интеллект институтының CPAI-24-1 студенті Ернұр Қанат. Жеңімпаз топ құрамында Аян Нұрлыбекұлы мен Дархан Серікбаев та бар.
03 Сәуір, 2026
Табиғатты аялау – қоғамдық құндылық
Күн сайын үйден шығарылатын қоқыста есеп жоқ. Ашық дереккөздерде жылына елдегі полигондарға 4,5 млн тоннадан аса қалдық төгілетіні жазылған. Оның қайта өңделетіндері 28 пайызға әрең жетеді. Демек, бізде әлі сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесі әлсіз. Мәселені қалай жүйелеуге болады?
03 Сәуір, 2026
Жол апатына қатысты статистика жаға ұстатады. Кейінгі 30 жылда 80 мыңнан аса азаматтың өмірі тасжолда үзіліпті. Жыл сайын кемі 2 мың адам көлік апаты салдарынан көз жұмады. Бұл шағын бір ауылдың тұрғындарына пара-пар. Адам капиталына алапат шығын әкеліп отырған мемлекеттік деңгейдегі проблема терең талдауды қажет ететіндей...
03 Сәуір, 2026
Қаламы сайлы, қалжыңы жайлы біртуар
Әкім ағаның өмір жолына шолу жасап, айтылып жүрген жайларды тағы қайталап, таптауырын жолға түспей-ақ қояйын. Есесіне шығармашылығына қатысты жекелеген ойларымды ортаға салып өткенім дұрыс болар.
03 Сәуір, 2026
Таразда екі зауыт іске қосылды
Елімізде мәрмәр ұнтағы мен құрғақ құрылыс қоспаларына деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Алдағы уақытта Қазақстанның қай қиырында болсын, құрылыс қарқыны үдей түспесе, баяуламайды. Осы орайда ішкі нарық сұранысын қанағаттандыру мақсатында Таразда екі бірдей зауыт іске қосылды.
03 Сәуір, 2026
Кеше Алматыда мыңжылдықтардың тұмары іспетті «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрме тұсауын кесті. Қай тұрғыдан қарасақ та, бұл бастаманың ұлт жады мен шежіре үшін салмағы саф алтынға пара-пар. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда: «Қазақстан – петроглифтер отаны», дегенді текке айтқан жоқ.
03 Сәуір, 2026
Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында экологиялық сағат ұйымдастырды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен басқосуда студенттер табиғатты қорғауға, суды сақтауға қатысты ұсыныстарға ерекше ықылас танытты.
03 Сәуір, 2026
АҚШ 54 жылдық үзілістен кейін Айға адам ұшыру бағдарламасын қайта бастады. NASA «Артемида-2» миссиясы аясында төрт ғарышкерді Айға жіберуді жоспарлап отыр.
03 Сәуір, 2026
Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді
Күннің жылынуына байланысты электр самокаттарын пайдалану көрсеткіші артып келеді. Осыған байланысты Алматы қаласында «STOP бұзушылық» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
2 және 5%-дық ипотека: Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі және оны қалай алуға болады?
«Отбасы банк» 2 және 5%-дық мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша өтінім қабылдауды және тұрғын үй бөлуді бастады, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Қытайға экспорт – ШЫҰ іріктеуі» форумына қатысты. Бұл алаң қазақстандық экспортты Қытай нарығына ілгерілетудің негізгі тетіктерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
Аутизмді ерте кезеңде қалай анықтаймыз?
Қазақстанда аутистік спектрдегі бұзылыстарды (АСБ) ерте анықтау және балаларға кешенді қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бастамалар ерте диагностика сапасын арттыруға, көмек көрсетуді қолжетімді етуге және балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
Үш бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% жеңілдік енгізілді
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1-30 сәуір аралығында сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% көлемінде көктемгі жеңілдіктер енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Қазақстан сейсмологтары көршілес Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері елорда уақытымен 2 сәуір күні таңғы 04:28-де болған. Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,9 балды құрады, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026
35 мың доллар көлеміндегі инвестиция: Павлодарлық оқушының TabAI жобасы Google грантын иеленді
Павлодар қаласының 11-сынып оқушысы Игорь Мартынюк YC Startup School білім беру бағдарламасына толық грант иеленген Орталық Азиядағы алғашқы оқушы атанды, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2026