Қоғам • Бүгін, 12:25

Үш бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% жеңілдік енгізілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1-30 сәуір аралығында сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% көлемінде көктемгі жеңілдіктер енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Үш бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% жеңілдік енгізілді

Фото: ҚТЖ

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңілдік белгіленген кезеңде қолданылады және жол жүру құжаттарын ресімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда жарамды болады.

Жеңілдік № 105/106 «Петропавл – Алматы», № 77/78 «Алматы – Маңғыстау» пойыз бағыттарына ұсынылып отыр. Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады. 

Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады

«Қосымша ретінде № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағыты бойынша турист (2Д, купе) вагондарына 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта жеңілдік билеттерді алдын ала, пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45-тен 15 күн бұрын сатып алған жағдайда ұсынылады және турист (2Д, купе) санатындағы вагондарға төменгі және жоғарғы орындарға қолданылады», делінген ҚТЖ таратқан хабарламада. 

Енді Астанадан Талдықорғанға тікелей пойыз қатынайтын болады

Соңғы жаңалықтар