Оқиға • Бүгін, 12:15

Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан сейсмологтары көршілес Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері елорда уақытымен 2 сәуір күні таңғы 04:28-де болған. Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,9 балды құрады, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді

Фото: Скриншот Google Maps

Қазақстанның сейсмикалық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, дүмпудің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан. Ал Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының дерегіне сай, жер сілкінісінің ошағы Ұзген қаласынан 3 км қашықтықта, Куршаб ауылынан 5 км, Қара-Суу қаласынан 30 км және Ош қаласынан 45 км жерде тіркелген.

Әртүрлі елді мекендерде жер сілкінісінің әсері әрқалай сезілді. Атап айтқанда,
Ұзген қаласында, Мырза-Арық және Кароол ауылдарында – шамамен 4,5 балл;
– Куршаб, Мырза-Аке, Красный Маяк және басқа елді мекендерде – 4 балл;
– Қара-Суу, Отуз-Адыр, Курбу-Таш, Ничке-Сай, Салам-Алик ауылдарында – 3,5 балл;
– Ош, Манас және Көк-Янгак қалаларында – 3 балл деңгейінде сезілген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Жетісу облысында да жер сілкіністері тіркелген. 31 наурыз күні бір тәулікте үш рет жер сілкінісі болған. Алғашқы дүмпу түнде тіркеліп, оның магнитудасы 4,4 балл болды. Екінші жер сілкінісі 11:11-де тіркеліп, оның эпицентрі Жаркент қаласынан 52 км солтүстік-батыста орналасқан.

Бір тәулікте екінші рет: Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

Сол күні тағы бір дүмпу 13:23-те анықталған. Оның эпицентрі Алматы қаласынан 267 км солтүстік-шығыста болған. Мамандардың есептеуінше, Жаркентте бұл дүмпудің интенсивтілігі 2 балл деңгейінде сезілген.

Осылайша, өңірде сейсмикалық белсенділік сақталып отыр, ал мамандар жер сілкінісіне қатысты деректерді тұрақты түрде бақылап, нақтылап келеді.

Индонезияда магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды

Соңғы жаңалықтар