Редакция таңдауы
Кеше ғана қабырғамыз сөгіліп, көз жасымыз төгіліп, ел-жұрт болып егіліп соңғы сапарына шығарып салған Асанәлі Әшімұлының нұрлы жүзін қара жер жасырғанына да қырық күн толды.
31 Қаңтар, 2026
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 24 отбасына пәтер кілтін табыстады. Жаңа қоныс иелері – әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтар. Пәтерлер шаһардың Тұран шағын ауданындағы жаңадан салынған көпқабатты үйлерден берілді. Баспаналы болған отбасылар пәтерлердің тек жалдау құнын төлеп тұрады.
31 Қаңтар, 2026
Ойыл орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандары Барқын құмында қаңтар-ақпан айларында қарағай бүршіктерін жинайды. Қанар қапшықтарға толтырылған бүршіктер жылы жерде кептіріліп, арасынан қанатша пішіндес дәндері іріктеледі.
31 Қаңтар, 2026
Америкада білім алу мүмкіндігі
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жанынан жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды. Білім мен инновацияға ұмтылған қала тұрғындарын біріктіретін алаң заманауи технологияны меңгеру мүмкіндігін кеңейтуге, халықаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.
31 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа: Жаңа оныншы бөлімде не жазылған?
Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасындағы сот төрелігі жүйесіне, жергілікті басқаруға және гегізгі заңға өзгерістер енгізу тәртібіне қатысты маңызды өзгерістер туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2026
Мәулен Әшімбаев: Қазақстан ұлттық жаңғыру кезеңін бастан өткеріп жатыр
Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбындағы отырысы өтті. Мемлекеттіліктің дамуының жаңа кезеңіне өту жағдайында жиынға қатысушылар Конституциялық реформаның логикасы мен мазмұнын, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастырудағы рөлін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2026
Жаңа Ата Заңның жобасында қандай мызғымас қағидаттар бекітілді?
Жаңа Ата Заңның жобасында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2026
Үкімет волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті
Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Волонтерлер форумы өтті. Форум Қазақстанда Халықаралық еріктілер жылының ұлттық бастамасы болды, деп жазады Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Даму көшінің бағытын нақты айқындауымыз керек
Мемлекет басшысы Волонтерлер форумында Конституцияда гуманитарлық құндылықтарды қалыптастыру маңызды деп санайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2026
Президент сын сағатта белсенді жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын жоғары бағалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, еріктілердің «Адал азамат» деген атқа лайықты істерді атқарып жүргенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2026
Киев пен Мәскеу ішінара атысты тоқтату туралы келісімге келді
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен ішінара бітім жасалғанын мәлімдеді. Бүгін ол Украина мен Ресей арасында энергетикалық нысандарға қатысты уақытша бітім туралы келісімге қол жеткізілгенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2026
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2026
«Қазгидромет» РМК 30 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
30 Қаңтар, 2026
Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Жиында инвесторларды қолдау тетіктерін жетілдіру мен жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану, жаңа буындағы жоғары технологиялық өндірістерді бірлесіп дамыту мәселелері талқыланды.
30 Қаңтар, 2026
Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары
«Amanat» партиясында цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы – Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басымдықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетті цифрлық тұрғыда жаңғырту және азаматтардың цифрлық сауатын арттыру бойынша нақты қадамдар жасау.
30 Қаңтар, 2026
Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар ел үкіметі мен OPEC халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектор операцияларын ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметін, қару-жарақ саудасы мен тұрғын үй төлемдерін жақсартуға бағытталған заң мақұлданды.
30 Қаңтар, 2026
Балық шаруашылығына серпін береді
Биылдан бастап бағалы балық өсіретін шағын фермалар субсидия ала бастайды. Мемлекет бұған дейін жылына, кем дегенде, 45 тонна өнім шығаратын шаруашылықтарды ғана қаржылай демеп келген. Биыл инвестициялық субсидия алу шегі 25 тоннаға дейін төмендетілді. Аквамәдениет саласындағы шағын бизнес өкілдері мемлекеттік қолдау аясының кеңеюі өңірде балық шаруашылығының дамуына едәуір серпін береді дейді.
30 Қаңтар, 2026
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 150-ден астам өтініш келіп түскен. Қорғалған бизнес құқығы шамамен 120 млн теңгені құрайды.
30 Қаңтар, 2026
Келер айда Әліби Ыдырыс аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді промоушен – UFC-дегі тұсаукесер кездесуін өткізуге даярланып жатыр.
30 Қаңтар, 2026
«Тараз» премьер-лигаға қашан оралады?
«Тараз» футбол клубының жанкүйерлері бүгінде «Даңқың қайда төске өрлеген?» деп күмілжіп жүр. Күмілжитін жөні де бар. Кезінде дүрілдеген Жамбыл футболы туралы әңгіме қазір күбірлеп айтылады. Өйткені кейінгі бірнеше жылдың бедерінде талай талантты түлеткен «Тараз» футбол клубы ілініп-салынып бірінші лигада жүр...
30 Қаңтар, 2026