улану
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Атырауда бассейндегі хлордан 14 адам уланды
Бассейндегі суға түскен 14 адам медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәселе • 09 Маусым, 2025
Павлодарда банкеттен кейін жаппай улану тіркелді
Павлодардағы Bellagio мейрамханасында өткен банкеттен соң 34 адам, оның ішінде бір бала, тамақтан улану белгілерімен дәрігерге жүгінді; санитарлық тексеріс мейрамхананың рұқсат құжатынсыз жұмыс істегенін анықтап, нысанның қызметіне бірден тыйым салды.
Елорда • 17 Сәуір, 2025
Астанада астан уланғандар саны 20 адамға дейін жетті
Астана қаласындағы "Көктем" кафесінде тамақтанғаннан кейін ішек инфекциясымен жапа шеккен адамдар саны артты. Ауру жұқтырғандар саны 20 адамға жетті, оның ішінде 11-і — балалар. Ауру жұқтыру дерегі 16 сәуірде тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Жауғашты әйелдер колониясындағы балалардың улану дерегі расталмады
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми түрде Жауғашты әйелдер колониясында балалардың жаппай улануы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 13 Наурыз, 2025
Түркістанда 22 адам сушидан уланып қалды
Түркістанда суши жеген 22 адам уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Елімізде снек өнімдеріне тыйым салынбақ
Қазақстанда оқушылардың жаппай улануына себеп болған импорттық снектерді сатуға тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Ақпан, 2025
Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улануына кінәлілер анықталды
Былтыр Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан №8 мектепте балалар жаппай уланып, ауруханаға түскен еді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Қаңтар, 2025
Ыстанбұлда ішімдіктен уланып, көз жұмғандар саны 30-ға жетті
Ыстанбұлда сапасыз ішімдік ішіп, уланып қалғандар саны күннен-күнге артып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2024
Павлодар облысында екі адам уланып қалған
17 желтоқсанда Железин ауданы ауылдарының бірінде 2020 жылы туған бала мен анасы көміртегі тотығымен уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қылмыс • 07 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда қылмыскер араққа уланып қайтыс болды
Қарағанды қаласында екі адамды өлтірген тұрғын қылмыстан кейін алкогольден уланып қайтыс болды. Оқиға Ержанов көшесіндегі пәтерде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қараша, 2024
Президент Маңғыстаудағы балалардың астан улануына қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы балалардың жаппай астан улануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2024
Астанада оқушы қыз дәріден уланып қалған
Астана қаласындағы гимназия мектебінің оқушысы мектеп медбикесі берген дәріден уланып қалған. Бұл туралы оқушының ата-анасы айтты. Қазіргі таңда дәрігерге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Қазан, 2024
Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: Кінәлілер жазаланды ма
Қыркүйек айының басында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №8 мектебінде оқушылар жаппай уланып ауруханаға түскен еді. Бүгін Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту министрі осы оқиғаға байланысты кінәлілердің жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қазан, 2024
Шымкентте 10 оқушы уланып қалды
Шымкенттегі жекеменшік «Зерде» мектебінде 10 оқушы уланып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024
Маңғыстау облысында жаппай уланған оқушылар үйлеріне жіберілді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тамақтан уланып қалған оқушылардың жай-күйі туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024
Астан улануы мүмкін: Маңғыстау облысында тағы 16 оқушы ауруханаға жүгінген
12 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, олар астан улануы мүмкін, деп жазады Egemen.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024
Оқушылардың жаппай улануына кінәлілер жазаланады - Ғани Бейсембаев
Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстау мектебіндегі балалардың жаппай улануына байланысты атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. Ол кінәлілерді жазалауға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2024
Оқушылардың жаппай улануы: Маңғыстау әкімдігі мәлімдеме жасады
Маңғыстау облысында болған оқиғаға байланысты тергеу тобы құрылды. Облыстық прокуратураның үйлестіруімен құрылған тергеу тобының құрамына экономикалық тергеп тексеру департаменті және полиция департаментінің өкілдері кірді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Тамыз, 2024
Теміртауда Ұлттық ұланның 36 сарбазы уланып қалған
Теміртауда Ұлттық ұланның сарбаздары жаппай уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2024
СҚО-да бір отбасы жаппай уланып, балалар қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысында екі баласы қайтыс болған отбасының улану себебі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Маусым, 2024
Түркістандағы балабақшада балалар тамақтан жаппай уланды
Түркістан облысы Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалар тамақтан жаппай уланды. 34 бала зардап шекті. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 15 Маусым, 2024
СҚО-да екі бала уланып көз жұмды: көршілері жантүршігерлік оқиға туралы айтты
Солтүстікте жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Петропавл ауруханаларына тамақтан уланған бес адам - бір отбасы мүшелері түсті. Екі бала қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Маусым, 2024
СҚО-да түгел бір отбасы астан уланып, 2 баласынан айырылып қалды
13 маусым күні СҚО, Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде тұратын отбасы астан уланып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Мамыр, 2024
Көлікті техникалық тексеруден өткізетін орталықтарға талап күшейеді
Қазақстанда көлікті техникалық байқау рәсімінен өткізуге және оны жүргізетін орталықтарға қойылатын талаптар күшейеді. Бүгін Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ереже мен түзетулерді талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
32 адам тойға барып уланып қалды
14 сәуірден бастап Екібастұздағы қалалық ауруханаға улану белгілерімен жүгінген шағымданушылар жиілеген. Анықталғандай, науқастар 13 сәуір күні қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен іс-шараға қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 08 Сәуір, 2024
Су тасқыны кезінде тағамнан улану және жұқпалы аурудан сақтану жолдары қандай?
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарға кейбір ережелерді ұстануға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Өскеменде екі бала газдан уланып қалды
Қаланың Шығыс кентінде орналасқан жеке үйде екі бала көмірқышқыл газынан уланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Ақтаудағы балалар өлімі: вице-министр пікір білдірді
Ақтауда жәндіктерді улаймын деп көрші үйдегі 2 баланың өліміне себепші болған әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Орталық басқару орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова тұрғын үйлерде дезинфекция құралдарын пайдалану мәселесі заңмен реттелмегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2023
Ауыл тұрғындары газ иісінен уланды
4 қыркүйек кешкі сағат 22.00 шамасында Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық ауруханасына бас айналу, лоқсу белгілерімен бір мезгілде сегіз адам жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2023
Екі ауылдың тұрғындары газдан уланды
Ақтөбе облысындағы екі ауылдың тұрғындары газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.