Оқиға • 03 Наурыз, 2025

Елімізде снек өнімдеріне тыйым салынбақ

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда оқушылардың жаппай улануына себеп болған импорттық снектерді сатуға тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде снек өнімдеріне тыйым салынбақ

Фото: Ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті зертханалық тексерулерден кейін бұл өнімдерді саудадан алып тастау туралы шешім қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысындағы мектептердің бірінде оқушылар снек өнімдерін жеп уланып қалған еді. Осы жағдайдан кейін санитария мамандары дүкендерде сатылатын өнімдерге мониторинг жүргізіп, 14 түрлі снекті зерттеген.

Тексеру нәтижесінде олардың құрамында натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627) және натрий инозинаты (Е631) сияқты дәм күшейткіштер бар екені анықталған. Айта кетейік, аталған қоспаларды қолдану Кеден одағының техникалық талаптарында қарастырылмаған.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025