Қылмыс • 07 Желтоқсан, 2024

Қарағандыда қылмыскер араққа уланып қайтыс болды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында екі адамды өлтірген тұрғын қылмыстан кейін алкогольден уланып қайтыс болды. Оқиға Ержанов көшесіндегі пәтерде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда қылмыскер араққа уланып қайтыс болды

«Үш ер адам пәтерде бірге демалып, спирттік ішімдік ішкен. Сол кезде олардың арасында жанжал туындап, ер адамдардың бірі екі досын, соның ішінде пәтер иесін өлтірген. Қылмыс жасағаннан кейін ол есікті ішінен құлыптап, оқиға орнынан қашып кеткен»,  делінген материалда.

Марқұмдардың денесі пәтерде бір апта бойы болған. Көршілердің күдігі туындап, олар полицияға хабарласқан. Оқиға орнына келген Михайлов аудандық полиция бөлімі қызметкерлері есікті бұзып ашып, зорлықпен өлтірілген екі адамның денесін тапқан.

«Тергеу барысында полицейлер үшінші адамның кім екенін анықтап, оны Потанин көшесіндегі үйінен тапқан. Алайда, олар келген кезде күдікті үйінде өлі күйінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам сапасыз алкогольден уланған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, екі адамның өліміне байланысты қылмыстық іс күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылады», деп жазылған материалда.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35