
– Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сығылған ауадағы аппараттарды пайдалана отырып, жерқоймаға түсіп, 2 ер адамды шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Жедел медициналық қызмет қызметкерлері зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізді, – делінген хабарламада.
Оқиға туралы хабарлаған үшінші адамды ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары қарап, ауруханаға жеткізді. Тексеруден кейін ол өзін жақсы сезініп, үйіне оралды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға жұмыс істеп тұрған генератордан шыққан газдардың жиналуы себеп болған.