табыс
Экономика • 05 Маусым, 2026
Табысын жасырып, тасада жүргендер салықтың салмағын сезіне бастады
Еліміздегі салық жүйесі бұрынғыдай қағаз ақтарып, есеп қабылдап қана отыратын заманнан өтіп барады. Мемлекет кімнің қайтіп табыс табатынын, ақшаны қайда жұмсайтынын, кәсіптің қалай жүретінін, тауардың қайдан келіп, қайда кетіп жатқанына дейін түгелдей цифрлық жүйе арқылы бақылауға көшті.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Жоғары білім табыстың кепілі ме?
«Оқысаң озарсың, оқымасаң тозарсың» деген сөзді бала кезден естіп өстік. Көпшілік үшін жоғары білім алу тұрақты жұмыс пен жақсы табысқа жетудің басты жолы саналады. Алайда соңғы жылдары еңбек нарығындағы жағдай бұл түсініктің өзгеріп жатқанын көрсетеді. Бүгінде кейбір жұмысшы мамандық иелері, оның ішінде аула сыпырушылар мен тазалық қызметкерлері жоғары білімді мамандардан көбірек жалақы алатын жағдайлар кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Мамыр, 2026
Такси жүргізушілерінің табысы артады: Яндекс жаңа жеңілдіктер жариялады
Яндекс Такси серіктес жүргізушілеріне арналған адалдық бағдарламасын жаңартып, жаңа жеңілдіктер мен артықшылықтарды іске қосты. Бағдарлама аясында сервисте ұзақ уақыт тұрақты жұмыс істейтін жүргізушілер комиссия төлемін азайту мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 30 Мамыр, 2026
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры: Теңгелік депозиттер табыс табудың құралына айналды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры елдегі инфляцияның баяулауы және Ұлттық банктің ақша-несие саясаты аясында азаматтардың жинақтау әдетінде айтарлықтай өзгеріс байқалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 18 Мамыр, 2026
Экономика өсімі бар, бірақ табыс неге артпайды? Министр жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда ІЖӨ жоғары қарқынмен өскенмен, халықтың нақты табысы неге төмен екендігін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2026
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықтың табысы мен шығыстарына қатысты есепті жариялады. Мәліметтерге сәйкес, елімізде жан басына шаққандағы орташа жылдық ақшалай табыс 1,45 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Сәуір, 2026
Елімізде мұғалімдердің табысы 4,1%-ға төмендеген
2025 жылы Қазақстандағы білім беру саласында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 322,7 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,8%-ға жоғарылағанымен, инфляцияны есепке алғанда нақты табыс 4,1%-ға төмендегені байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Сәуір, 2026
2029 жылға дейін халықтың табысы қалай артады? Үкімет жаңа бағдарлама әзірлеп жатыр
Аталған кешенді бағдарлама жұмыспен қамтуды ынталандыру, жалақыны өсіру, кәсіпкерлікті дамыту және тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Ел тұрғындары табысының басым бөлігін азық-түлікке жұмсайды
Сарапшылардың мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір адамға шаққандағы азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға кеткен орташа шығын 615,5 мың теңгеге жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,9%-ға көп, ал 2010 жылдан бері номиналды шығындар шамамен алты есеге артқан. Сонымен қатар халық шығынының құрылымында азық-түліктің үлесі жоғары деңгейде қалып отыр. 2025 жылы бұл көрсеткіш 47,8%-ды құрады. Пандемия кезіндегі ең жоғары деңгей – 50,4%, көрсеткіш аздап төмендегенімен, бұрынғы қалыпты межеге қайта түспеген. Бұл азаматтардың негізгі қаржысы әлі де күнделікті тұтынуға жұмсалатынын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Наурыз, 2026
30 млн теңгеге пәтер алу үшін қанша табыс керек?
Елімізде екінші нарықтан 30 млн теңгеге пәтер алу үшін ай сайынғы табыс көлемі банк талаптарына тікелей байланысты. Сарапшылардың есебінше, ең төменгі бастапқы жарнамен ипотека рәсімдеу үшін айлық табыс кемінде 1 млн теңгеге жуық болуы тиіс, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Теміртауда майнинг арқылы 185 млн теңге табыс тапқан азамат сотталды
Қарағанды облысының тұрғыны Ресейден әкелінген майнинг жабдықтары арқылы 185 млн теңге табыс тапқан, алайда заңсыз әрекеті үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Бірқатар экономикалық көрсеткіштер ел тұрғындарының әл-ауқатының төмендеп бара жатқанын байқатады. 2025 жылдың төртінші тоқсанында еліміздегі жұмыс істейтін азаматтардың нақты табысы 2%-ға қысқарған. Сонымен қатар отбасылық бюджеттегі азық-түлік шығындарының үлесі айтарлықтай артқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
40 пайыздық меже: Үкімет халықтың нақты табысын қалай өсірмек?
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов халық табысының өсуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 03 Ақпан, 2026
Табыс пен шығыстың сәйкестігі тексеріледі
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2027 жылдан бастап азаматтардың табысы олардың шығыстарына қаншалықты сәйкес келетінін тексерілетінін хабарлады. Әңгіме түрлі мемлекеттік базалардың мәліметтерін біріктіретін жүйе туралы болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Жалған табыс уәде еткендер Бурабай тұрғынын тақырға отырғызды
Бурабай баурайындағы жергілікті отельдердің бірінде жұмыс істейтін 50 жасар әйел өзінің аңқаулығынан алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
ChatGPT әзірлеушісі банкрот алдында: OpenAI 40 млрд доллар шығынға батуы мүмкін
ChatGPT әзірлеушісі 2027 жылдың ортасына қарай табысын арттырмаса немесе жаңа инвестиция тартпаса, банкротқа ұшырауы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
2026 жылы кімдер көп табыс табады?
Елімізде келер жылы қай салада жүрген азаматтардың табысы артуы мүмкін екенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Инфляцияның әсері: 2025 жылдың үшінші тоқсанында халықтың нақты табысы төмендеген
Биылғы үшінші тоқсанда орташа айлық табыс 108,2 мың теңгені құраған. Төрт тоқсандық есеп бойынша орташа жалпы табыс 324,6 мың теңге болған. Номиналды өсім жылына 8,5%-ды құрағанымен, инфляцияны есепке алғанда нақты табыс үшінші тоқсанда -3,4%-ға төмендеген, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындарының орташа айлығы 120 мың теңгеден аспайды
Қазақстандықтардың айлық табысы жан басына шаққанда – 120 мың теңге, ал шығыны – 108 мыңды құрап отыр. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында тұрғындардың қалтасына түскен табыстың 273,3 мың теңгесі еңбекақы болған, деп жазады Egemen.kz.
Өнім • 19 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары табысының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды
Биылғы жылдың үшінші тоқсанында азаматтардың орташа шығыны жан басына шаққанда 324,5 мың теңгені (айына 108,2 мың теңге) құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел тұрғындары табысының басым бөлігін, яғни 52,3%-ын азық-түлік сатып алуға жұмсайды. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 60%-дан асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Биыл ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысында ақылы автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 18 Қараша, 2025
Ерекше жаңалық: отандық ғалымдар бірегей табысқа қол жеткізді
Қазақстандық зерттеушілер қаратақтатасты кендерден ванадий электролитін алудың жаңа технологиясын жасады, бұл елімізге энергия сақтау жүйелерінің маңызды компонентін өз күшімен өндіру мүмкіндігін ашты, деп жазады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Қоғам • 17 Қараша, 2025
Агроном Габдулхаков табысының құпиясы неде?
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Президент Жарлығымен марапатталғандардың бірі – «Новосельское» серіктестігінің бас агрономы Фаниль Габдулхаков «Қазақстанның аграрлық саласына еңбек сіңірген қайраткер» атағына ие болды.
Банк • 11 Қараша, 2025
Еліміздегі ең ірі банктер табысты қайдан тауып отыр?
Қазақстанның ірі банктері әртүрлі стратегия арқылы кіріс көзін арттырып, өз орны мен бәсекелестік артықшылығын сақтап келеді. Бірі корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетуге басымдық берсе, енді бірі цифрлық экожүйе мен финтехке инвестиция салады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Қазан, 2025
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең бай футболшысы атанды
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду 2025 жылғы Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшылар тізімінде бірінші орынға шықты. Ол биылғы маусымда жалпы 280 миллион доллар табыс тапқан, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 17 Қыркүйек, 2025
Мектеп оқушылары адамға даусын қайтаратын құрылғы ойлап тапты
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектепінің оқушылары дауысынан айырылған адамдарға сөйлеу мүмкіндігін қайтаратын VoiceX атты құрылғының прототипін әзірледі. Құрылғы мойындағы өте әлсіз вибрацияларды анықтап, оларды адамның өз дауысына мейлінше ұқсас сөйлеуге айналдырады. Жоба қазір патенттеу кезеңінде тұр, сондай-ақ Samsung Solve for Tomorrow байқауының жартылай финалына өткен, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 27 Тамыз, 2025
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісі қанша табыс әкелді
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Шотландияның «Селтик» командасын пенальти сериясында жеңіп, алғаш рет UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 16 Тамыз, 2025
Алматыдағы Дженнифер Лопестің концерті қанша табыс әкелді
Алматыдағы Орталық стадионда Дженнифер Лопестің ауқымды шоуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Қазақстанда жайлы өмір сүру үшін қанша табыс табу керек?
Сарапшылар ТМД елдеріндегі өмір сүру құнын салыстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Шілде, 2025
Бюджеттің кіріс бөлігі асыра орындалып, ел қазынасына 11 трлн теңге түсті
Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кірістердің орындалу қорытындыларын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.