Экономика • Бүгін, 17:59

Ел тұрғындарының орташа айлығы 120 мың теңгеден аспайды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандықтардың айлық табысы жан басына шаққанда – 120 мың теңге, ал шығыны – 108 мыңды құрап отыр. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында тұрғындардың қалтасына түскен табыстың 273,3 мың теңгесі еңбекақы болған, деп жазады Egemen.kz.

Ел тұрғындарының орташа айлығы 120 мың теңгеден аспайды

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, аталған тоқсанда жан басына шаққандағы жалпы табыс 364,5 мың теңгені немесе айына 121,5 мың теңгені құраған. Ал бір қазақстандықтың орташа шығыны тоқсанына 224 500 теңге немесе айына 108 100 теңге болған.

Тоқсандық шығынның жартысынан астамы – 169 800 теңге азық-түлікке жұмсалған. Оның ішінде етке – 54 800 теңге, жеміс-жидекке – 26 300 теңге, нан мен жарма өнімдеріне – 22 500 теңге шығындаған.

Ел тұрғындары табысының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды

lsm.kz келтірген дерек бойынша, елдің бір тұрғыны үш айда орташа есеппен азық-түлік емес тауарларға 69 100 теңге жұмсайды. Оның басым бөлігі киім мен аяқ киімге (21 900 теңге), жиһаз бен тұрмыстық техникаға (12 500 теңге), дәрі-дәрмекке (4 400 теңге) тиесілі екен.

Қазақстандықтар тоқсан сайын ақылы қызметке 58 000 теңге арнайды, оның 14 800 теңгесі коммуналдық қызметке, 10 900 теңгесі байланысқа (ұялы және интернет), 8 100 теңгесі көлікке кеткен.

Ал несие мен қарызды жабу үшін бір адам тоқсанына орта есеппен 21 000 теңге жұмсаған.

Несие мен қарыз үшін қаржысын көп шығындайтын өңірлер ішінде Ұлытау (67 400 теңге), Қарағанды ​​облыстары (50 200 теңге), Астана қаласы (38 200 теңге) бар.

Ал несиеге ең аз соманы Алматы (8300 теңге), Маңғыстау облысы (6300 теңге), Жамбыл облысы (6100 теңге), Шымкент (3500 теңге) тұрғындары жұмсаған.

Сондай-ақ қазақстандықтар тоқсан сайын – 477 мың теңге салық, 6 мың теңге көлемінде алимент өтейді.

Соңғы жаңалықтар

Бал ашып байығандар көп

Қоғам • Бүгін, 18:17