Ол биыл ұзындығы 1,7 мың шақырым болатын 9 жаңа жол учаскесі іске қосылғанын айтты.
«Осылайша ақылы учаскелердің жалпы саны 26 бірлікке, ал ұзындығы 4 900 шақырымға жетті. Осы жылдың 11 айында ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті», деді Дархан Иманашев.Бұл қаражатқа ұзындығы 4,9 мың шақырым 26 ақылы учаскені күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу, ақы алу жүйесінің инфрақұрылымын қамтамасыз ету, сондай-ақ соңғы жылдары 1 мыңға жуық жол-пайдалану техникасы сатып алынғаны, инвестор шығындарын өтеу және өзге де әкімшілік шығыстар жүзеге асырылғаны айтылды.
«Орындалатын жұмыстар мен қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылауға ерекше көңіл бөлінеді», деді Д.Иманашев.Спикер бұл бағытта келесі цифрлық шешімдер қолданылып жатқанын айтты:
- «Q-RAM» жүйесі – қайта жаңғырту, орташа және күрделі жөндеу нысандарындағы жұмыстың барысын бақылау;
- «KazRoadLab» – зертханалық сынақ нәтижелерін нақты уақыт режимінде бақылау;
- «Smart Road Diagnostic System» – GPS координаттарымен жасанды интеллект алгоритмдері негізінде жол төсемінің жай-күйін талдау;
- «Цифрлық теңге» механизмі – шығыстардың ашықтығын қамтамасыз ету.
Айта кетейік, бұған дейін биыл елімізде 13 мың шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылғанын жазған едік.