Өнім • Бүгін, 12:32

Ел тұрғындары табысының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың үшінші тоқсанында азаматтардың орташа шығыны жан басына шаққанда 324,5 мың теңгені (айына 108,2 мың теңге) құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел тұрғындары табысының басым бөлігін, яғни 52,3%-ын азық-түлік сатып алуға жұмсайды. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 60%-дан асады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел тұрғындары табысының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды

Фото: istockphoto.com

Статистикалық деректерге сүйенсек, үшінші тоқсанда бір адамның орташа табысы 364,6 мың теңгеге жеткен. Алайда, осы қаражаттың едәуір бөлігі күнделікті қажеттіліктерге жұмсалады. Атап айтқанда:

  • Азық-түлікке: 169 мың теңге (шығынның 52,3%-ы);
  • Азық-түлік емес тауарларға: 69 мың теңге (21,3%);
  • Ақылы қызметтерге: 58 мың теңге (17,9%). Оның ішінде коммуналдық төлемдер айына шамамен 4,9 мың теңгені құрайды.

Кейбір аймақтарда тұрғындардың азық-түлікке жұмсайтын қаражаты жалпы шығындарының 60%-нан асып кеткен. Көш басында Түркістан облысы тұр: мұнда бюджеттің 61,1%-ы (айына 42,9 мың теңге) тамаққа жұмсалады. Екінші орында Жетісу облысы – 60,1% (айына 63 мың теңге). Ал Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 59,7%-ды құраса, Шымкент қаласында тұрғындар шығынының 57,9%-ы ас-ауқатқа кетеді.

Азық-түлік себетіндегі шығындардың көшбасшысы – ет өнімдері. Орташа есеппен ел тұрғындары айына етке 18 мың теңге жұмсайды (бұл тамаққа кететін барлық шығынның 35%-ы). Одан кейінгі орындарда нан мен жарма өнімдері (7,5 мың теңге) және сүт өнімдері (5,5 мың теңге) тұр.

 
 
 
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20