ат
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Қазақстан дзюдошылары Оңтүстік Кореяға есе жіберді
Бүгін Таиланд астанасы Бангкокте дзюдодан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Сайыстың соңғы күнінде ел құрамасы командалық сайыста оңтүстіккореялық дзюдошыларға қарсы қола жүлдені сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Шерзат ісі: куәгер неліктен жедел жәрдем шақырмағанын айтты
Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті ашық сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысында куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынды. Екінші бөлімінде куәгер Дана Жақсыгелді жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімін қабылдады
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке • 28 Сәуір, 2025
Алматыда 1 мамыр мерекесі қалай тойланады
Биылғы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлігі жарасқан Алматы» ұранымен ұйымдастырылып, негізгі шаралар Абай алаңында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Сәуір, 2025
Ирандағы жарылыс қолдан жасалды ма
Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласында орналасқан Шахид Раджаи портындағы жойқын жарылыстан кейін ел билігі дүйсенбі күнін ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Жарылыстың салдарынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетіп, жараланғандар саны 1 241-ге артқаны белгілі болып отыр. Жергілікті ақпарат жүйесінде апаттың Иранмен қырғиқабақ Израильдің қолымен жасалғаны туралы хабар тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2025
Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен күрделі ота жасалды
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2025
Мойын ісігімен туған нәрестеге ота жасалды
Алматы перзентханаларының бірінде 23 наурыз күні құрсаққа біткеніне 34 апта толған ер бала сирек кездесетін, туа бітті кеселмен дүниеге келген еді. Сәбидің мойнының оң жағында үлкен кистозды лимфангиомасы болған. Онымен қоса тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі де ісіктің асқынуына себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Сәуір, 2025
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің орынбасары тағайындалды
Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 27 Сәуір, 2025
Алматыда түнде қонақүй өртенді: өрт сөндірушілер 100 адамды эвакуациялады
27 сәуірге қараған түні Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 27 Сәуір, 2025
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясына 2 мыңнан астам тұрғын қатысты
Қаланың барлық ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында республикалық сенбілік өтті.
«Таза Қазақстан» • 27 Сәуір, 2025
Алматылық жастар Кеңсай зиратында тазалық жүргізді
Алматы қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Кеңсай зиратында жастардың қатысуымен тазалық және абаттандыру акциясы өтті.
Саясат • 26 Сәуір, 2025
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі аяқталды
Бүгін Алматыда «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті. Оған Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов пен Түрікменстан өкілі қатысты.
Қоғам • 26 Сәуір, 2025
Ел дамуына үлес қосқан тұлғалар мерекелік медальмен марапатталды
Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы жылдар ішінде еліміздегі жүзден астам ұлт бір шаңырақтың астында «бір ел, бір халық, бір тағдыр» қағидасымен өмір сүріп келеді.
Энергетика • 25 Сәуір, 2025
Алматы облысында газдандырудың ауқымды бағдарламасы жалғасып жатыр. Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылында газ тарату желілерінің іске қосылуы тұрғындардың қуанышын еселеді. Инфрақұрылымдық жоба аясында мыңдаған адамдардың өмір сүру сапасы жақсаруда.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Ақтөбе биыл 440 жол апаты болып, 15 адам қаза тапқан
Ақтөбе облысы Полиция департаментінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
Қонаевтағы атыс: алты адамға сот үкімі шықты
2025 жылдың 25 сәуірінде Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі соты алдын ала сөз байласу арқылы қасақана кісі өлтіргені үшін алты сотталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Қостанай облысының әкіміне қауіп төнгені рас па
Әлеуметтік желіде Қостанай облысының әкіміне қауіп төніп тұрғаны туралы видео тараған еді. Осыған орай облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Қазақстан-АҚШ кино-фотоқұжаттарының көрмесі өтті
Алматыдағы Орталық мемлекеттік кино-құжаттар және дыбыс жазбалар архивінде 1940-1950 жылдар аралығында сақталған кино-фотоқұжаттар көрмесі өтті. Оған АҚШ консулдығы өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Жас кітапханашылардың тұңғыш хакатоны өтті
Еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік жас кітапханашылар Алматыда бас қосты. Alatau Creative Hub орталығында өткен іс-шарада жас мамандар кітапхана саласын дамытудың әлемдік тәжірибесі, өзекті мәселелері мен бүгінгі өрісі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Алматылықтар шұңқырды жаппаған мердігердің үстінен шағым түсірді
Жол жөндеу жұмыстарында сапаға салғырт қарайтын мердігерлерге қойылатын талап күшейді. Кейінгі уақыттары Алматыда жолдағы шұңқырларды жөндеу жұмыстарында мұндай олқылықтардың орын алуы жиілеген. Бұл туралы қала әкімінің Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
АтМӨЗ мұнай өңдеу тарифін төмендетеді
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 1 мамырдан бастап көмірсутекті шикізатты өңдеу тарифі төмендетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Сәуір, 2025
Дзюдошылар Азия чемпионатынан екі қола медаль жеңіп алды
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия додасында Ғалия Тынбаев мен Шерзод Давлатов жүлдегер атанды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Көкшетауда жылу жүйесі жаңғыртылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Сәуір, 2025
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімдерімен Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2025
«Батырларға тағзым» - Соғыс ардагерлеріне арналған онлайн-портал іске қосылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» (batyrlarga-tagzym.kz) атты онлайн-порталды іске қосты. Жобаның мақсаты – соғыста ерлік көрсеткен азаматтар туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпарат жеткізу, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Сәуір, 2025
Параатлетшілер халықаралық бочча турнирінде екі медаль алды
Қарағандылық Анастасия Кутурман Бахрейнде өткен Manama 2025 World Boccia Challenger халықаралық рейтингтік турнирінен қола медальмен оралды. Қазақстандықтар барлығы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 25 Сәуір, 2025
Цифрлық сектордағы еңбекті заңдастыру қажет - сенатор
Сенатор Айгүл Қапбарова Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында мыңдаған қазақстандықтардың осы уақытқа дейін мемлекет мойындамаған және Ұлттық жіктеуішке енгізілмеген жаңа цифрлық және заманауи кәсіптерде жұмыс істеп жүргеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Сәуір, 2025
Қызылордада халықаралық театрлар фестивалі ашылды
Қызылордада Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы» атты бірінші халықаралық театрлар фестивалі салтанатты жағдайда ашылды. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов арнайы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Астанада ер адамды көлік қағып кетті
Оқиға Достық көшесінде болған. Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Алматыда жүргізуші жедел жәрдем көлігіне жол бермеген
Оқиға 22 сәуір күні сағат 15:30-да Алматыдағы Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында болған, деп жазады Egemen.kz.