Аймақтар • Бүгін, 16:00

Атырау облысында бірінші сыныпқа 16 мыңнан астам оқушы барады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы кезге дейін электронды өтініш беру жүйесі арқылы 12 мыңға жуық ата-анадан бірінші сыныпқа оқушы қабылдауға өтініш тіркелген. Ал қағаз жүзінде 798 өтініш қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында бірінші сыныпқа 16 мыңнан астам оқушы барады

фото: ашық дереккөз

Атырау облыстық облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиеваның айтуынша, құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.

«Облыста 2025-2026 оқу жылында 1-сыныпқа 16 762 оқушының қабылданатыны жоспарланып отыр. Бұл өткен оқу жылындағы оқушылардан 1 054 балаға артық. Бірінші сыныпқа қабылданатын оқушылардың көп бөлігі Атырау қаласында тұрады. Биыл 1-сыныпқа қабылдау eGov порталы арқылы жүргізілді. Қазір 1-сыныпқа дәріс беретін мұғалімдер саны жеткілікті, педагог тапшылығы жоқ. Оқушылардың барлығы оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі», дейді Айнагүл Жұмағазиева.

Оның мәліметінше, 1-сыныпқа қабылданатын балалардың 70 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдап отыр. Ал 30% орыс тілінде білім алады.

Сондай-ақ, 4 тамызда «Балақайлар мектебі» жұмысын бастады. Онда балаларға бейімделу және даярлық сабағы өткізіледі.

«Бұл балалардың мектепке бейімделуіне ықпал етеді. Дайындық сабағы аптасына 5 рет өткізіледі. Күніне 4 сабақ болады. Бағдарлама кестесіне сауат ашу, математика және көркем әдебиет пәндері енгізілді. «Балақайлар мектебі» жұмысы 22 тамызға дейін жалғасады», деді Айнагүл Жұмағазиева.