Қоғам • 05 Тамыз, 2025

Үлкен апаттан аман қалды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұзақ жолдарға шығатын ұзын фураларды жүргізетіндердің денсаулығы бекем тексерілген болуы керек қой. Шетелдік компаниялар мұндайға мұқият болады деп жүрсек олар да жаңсақтық жібереді екен, деп жазады Egemen.kz.

Үлкен апаттан аман қалды

Жуырда Көкшетауға ауылшаруашылығы техникаларын тасымалдайтын шетелдік жүргізуші соған көз жеткізді. 67 жастағы ол рульде отырып есінен танып қалған.

Абырой болғанда Renault маркалы ауыр фура ештеңеге соғылмай жолдан түсіп, қалың ағаш арасына қойып кеткен. Мұны өтіп бара жатқан жүргіншілер көріп, полицияға хабарлаған. ЖКО «Көкшетау – Рузаев» тасжолының 141-шақырымында болған. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ерлан Данкин мен Нұрлан Қожахметов жүргізушіге жедел жәрдем шақырып, ауруханаға аттандырып, жүктің де иелерін тауып, көлікті тапсырған.

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Оралу: рух күші

Руханият • Кеше

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Кеше