Оқиға • Бүгін, 17:40

Алматыда қоғамдық автобус әйелді қағып кеткен

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1957 жылы туған әйел оқиға орнында мерт болған, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда қоғамдық автобус әйелді қағып кеткен

Фото: kaz.orda.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен келе жатып, Жұмабаев көшесінің қиылысында жолдан өтпек болған әйелді басып кеткен.

Жол апаты бүгін сағат 10 : 00 шамасында Жетісу ауданында болған.

«Алған жарақаттардан 1957 жылғы әйел оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды», делінген полиция хабарламасында.