Аймақтар • 07 Тамыз, 2025

Құрылыс компаниялары заңсыз жарнама жасаған

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қалалық прокуратурасы үлескерлердің қаржысын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартуды жарнамалаумен айналысқан 10 компанияны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылыс компаниялары заңсыз жарнама жасаған

фото: mgorod.kz

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабының 1-бөлігімен (Үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) әкімшілік жауапқа тартылды. Оларға 10,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

«Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органының қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып қала береді. Осыған орай қала прокуратурасы азаматтарға үлестік құрылысқа қаражат салмас бұрын құрылыс салушының лицензиясы, жер теліміне құқық белгілейтін құжаттары мен құрылысқа рұқсат құжаттарын мұқият тексеруді ұсынады», деп хабарлады прокуратурадан.