Ая
Мәдениет • 11 Қараша, 2025
Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аясында Мәскеу қаласында «Қазақстан мен Ресей достығы» скверінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа саябақ Мәскеудің Оңтүстік әкімшілік округінде, «Алма-Атинская» станциясының маңында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Енді алаяқтардың телефон қоңырауы автоматты түрде бұғатталады
Қазақстанда 18 қарашадан бастап ұялы байланыс операторларына жалған қоңыраулар мен SMS хабарламаларды автоматты түрде анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік беретін жаңа ереже күшіне енеді. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Қараша, 2025
The Washington Post: Қазақстан прагматикалық әрі тәуелсіз сыртқы саяси ұстаным көрсетті
Бүгін таңертең The Washington Post басылымында «Қазақстанның Ибраһим келісіміне қол жеткізудегі прагматикалық жолы» атты ірі мақала жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
Түркияда ем алған Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды
Қызмет бабында ауыр бас жарақатын алған әскери қызметші Ербаян Мухтар Түркияда өткен емін аяқтап, елімізге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Қаржылық алаяқтықтан қалай қорғануға болады?
Қаржы ұйымдары атынан жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеген шақта азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында әрбір қазақстандық банк пен микроқаржы ұйымдарынан несие алуға өз еркімен тыйым қоя алады. Бұл «Стоп-кредит» деп аталатын қызмет Egov.kz порталында және Egov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Ақтөбе облысының полиция департаменті интернет арқылы жалған хабарландырулар орналастырып азаматтарды алдаған 30 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Қараша, 2025
Қазақстан мен АҚШ-тың минералдар саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі меморандумға қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 06 Қараша, 2025
Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен кездесті
Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
116 млн теңге мен ZEEKR көлігі тәркіленді: Алматыда құмар ойындарын ұйымдастырғандарға үкім шықты
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда «PokStars» және «LuckyShark» атты заңсыз онлайн-құмар ойындарын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Киберполицейлер қарияның 39 млн теңгесін сақтап қалды
Астаналық киберполицейлер 87 жастағы зейнеткерді алаяқтардың тұзағынан құтқарып, ұрланған 39 миллион теңгесін қайтарып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 05 Қараша, 2025
Енді алаяқтар рәсімдеген несиені банктер өз есебінен жабады
Жағымды жаңалықты Мәжіліс депутаты Мұран Әбенов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Депутат бұған дейін осы мәселені Мәжіліс мінберінде бірнеше рет көтерген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қараша, 2025
17 млн теңге: Банктен жалған шот ашып берумен айналысқандар ұсталды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті (ҚМА) банктік шотты заңсыз иеленіп, рұқсатсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
ШҚО тасжолында шектелген қозғалыс қыс соңына дейін сақталады
Шығыс Қазақстан өңіріндегі Өмеш асуы арқылы өтетін жолда көлік қозғалысы шектелді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 03 Қараша, 2025
Геосаясат әлем экономикасына қалай әсер етеді?
McKinsey Economic Conditions Outlook 2025 жылдың қыркүйегінде әлемнің ірі компаниялары басшыларының сауда саясатындағы кедергілерге қатысты пікірін топтастырды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 02 Қараша, 2025
Баянауылда жеті ірі туристік жоба жүзеге асырылып жатыр
Олардың қатарында жағажайларды абаттандыру, бақылау алаңдарын салу, мәдени және экологиялық бағыттарды дамыту, сондай-ақ ішкі туризм инфрақұрылымын жетілдіру жобалары бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Ұлттық мереке – Республика күнінде Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ ашылды. Салтанатты жиынға зиялы қауым, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 28 Қазан, 2025
АҚШ саясаткері Кристофер Ландау Алматының қонақжайлығына тәнті болды
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласы туралы жылы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 28 Қазан, 2025
Сұлтан Раев: Қазақстан – әлемді біріктіретін алтын көпір
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуы тек елдің ішкі жетістігімен шектелмейді - ол бүкіл өңірдің, тіпті түркі әлемінің болашағына бағыт беретін маңызды факторға айналды. Геосаяси тұрғыдан да, мәдени және өркениеттік байланыстар тұрғысынан да Қазақстан бүгінде әлемдік диалогтың орталығына айналып отыр. Осы орайда Республика күні қарсаңында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы, түркі мәдени кеңістігінің дамуына зор үлес қосып жүрген Сұлтан Раевпен әңгімелестік.
Қоғам • 24 Қазан, 2025
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қазақстан Ішкі істер министрлігі елде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлап, тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Қазан, 2025
Келешек мектептері үшін кадрлар қалай даярланып жатыр
«Келешек мектептері» – тұрғылықты жерінде, қолжетімді әр оқушыға сапалы білім беруді көздейтін білім ордалары. Олар гимназия немесе лицей емес, өзіндік оқу-тәрбие үдерісі бар баланың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мектептер. Ұлттық жоба аясында 460 мың орынға шақталған 217 мектеп ашылады деп жоспарланған. Қазір жоспардың 69 пайызы орындалды. Бұл дегеніміз – 151 білім мекемесі, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 22 Қазан, 2025
Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қатынастар орнатқанына 33 жыл толды
22 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 20 Қазан, 2025
Шымкентте полицейлер ірі алаяқтықтың бетін ашты
Шымкентте полицейлер ірі алаяқтықтың бетін ашты Авторы polisia.kz 20 Қазан 2025 ж., 13:48 жарияланған 77 Шымкентте полицейлер ірі көлемде ақша жымқырған күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Партия • 18 Қазан, 2025
Астанада "Jas Republic Cup II" дебат турнирінің финалы өтіп жатыр
Астанада Республика күніне орай мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған екінші республикалық “Jas Republic Cup II” дебат турнирінің финалдық кезеңі басталды. Respublica партиясы мен Ozger team командасының қолдауымен #101 Келешек мектебінің алаңында өтіп жатқан бұл турнир дәстүрге айналып келеді. Алғашқы Jas Republic Cup 2024 жылы өтіп, елдің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жастарды біріктірсе, биылғы байқау аталмыш жобаның ұлттық деңгейге көтерілгенін көрсетіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 17 Қазан, 2025
Astana Think Tank Forum 2025: Халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру жолдары талқыланды
Astana Think Tank Forum 2025 халықаралық сараптамалық алаңы биыл 15-16 қазанда «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру» тақырыбымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Полицейлер 45 млн теңгені иемденген күдіктіні ұстады
Polisia.kz-тің хабарлауынша, тергеу деректеріне сәйкес 34 жастағы Орал қаласы тұрғыны 45 миллион теңгені Бөрлі ауданы тұрғынынан алдап алған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Қазан, 2025
Абай облысында өзгенің банк шоттарынан қаражат ұрлаған күдікті ұсталды
Аягөз ауданының полиция бөліміне 62 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз тұлғаның оның банк шоттарынан ақшаны қолды еткенін хабарлап, арызданған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Қазан, 2025
Астанада Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады. Биылғы форумның тақырыбы – «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру».
Саясат • 14 Қазан, 2025
Жақсыбек Кұлекеев: Бір палаталы Парламентке көшу орынды шешім деп есептеймін
Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында елімізде түрлі бағытта ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын айтты. Оның бірі –бір палаталы Парламентке көшу саясаты. «Бұл халықаралық үрдіске толық сай келеді. Әлем елдерінің үштен екісінде осындай парламенттік жүйе қалыптасқан. Дәл қазір бізге керегі – ортақ ұстаным және парасатты, салмақты ұсыныс. Сондықтан барлық ой-пікірді, ұсынысты мұқият зерттейміз, егжей-тегжейлі қараймыз», – деді Мемлекет басшысы. Еліміз осындай өзгерістерге қаншалықты дайын екенін, жалпы бір палаталы Парламенттің қажеттілігін Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Жақсыбек Құлекеевтен сұрадық.
Саясат • 11 Қазан, 2025
Душанбе саммиті: Орталық Азия мен ТМД кеңістігінің жаңа болашағы
2025 жылы Душанбе екі ірі дипломатиялық формат «Орталық Азия – Ресей» саммиті мен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы тоғысқан негізгі алаңға айналды. Бұл оқиғалар Еуразиялық саясаттың жаңа кезеңге ауысуын, яғни прагматикалық көпжақты басқару кезеңіне кіретінін көрсетті.
Оқиға • 09 Қазан, 2025
Ақсуда ер адамды қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушілер ұсталды
Ақсу қалалық әкімдігі ғимаратының жанында ер адамды екі мәрте көлік қағып кетті. Салдарынан жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ал кінәлілердің бірі оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.