Оқиға Орталық саябақ аумағындағы автотұрақта болған. Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі артқа қозғалысты бастаған сәтте газ бен тежегіш педальдарын шатастырып, автобус аялдамасының павильонына соғылған. Соққы салдарынан аялдаманың әйнегі сынған.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Келтірілген материалдық шығын заңнамаға сәйкес өндірілетін болады.
Полиция департаменті жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға шақырды.