Қылмыс • Бүгін, 14:39

Банктің мобилді қосымшасын бұзған: 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық ұсталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура Интерпол және Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Швециядан аса ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Банктің мобилді қосымшасын бұзған: 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық ұсталды

Қадағалау органының мәліметінше, 2018 жылы аталған азамат банктердің бірінің мобильді қосымшасындағы жүйелік қателіктерді пайдаланып, өзінің картасындағы шот қалдығынан асып түсетін сомада — 55 миллион теңгеге жалған аударымдар жасаған.

Осыдан кейін күдікті тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

Биыл ол Швеция аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Бас прокуратурада атап өткендей, Қазақстан мен Швеция арасында қылмыскерлерді беру туралы келісім болмағанына қарамастан, 2023 жылдан бері бұл елден Қазақстанға төрт адам экстрадицияланған. Олардың қатарында жалған ақша жасау және алаяқтық қылмыстары бойынша іздеуде жүрген азаматтар бар.

Соңғы жаңалықтар