ас
Спорт • 16 Қазан, 2025
Астанада шорт-тректен Әлем кубогінің бірінші-екінші кезеңдері өтеді
Турнирге Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Канада, АҚШ, Нидерланд, Польша және тағы басқа 27 елден 150-ден астам спортшы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Астанада медицина қызметкерлерінің еңбекақысы уақытылы төленбеген
Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарындағы тексеріс барысында медицина қызметкерлерінің еңбекақысы мен әлеуметтік төлемдері уақытылы берілмегенін анықтады. Нәтижесінде 90 миллион теңгеден асатын берешек өтеліп, ақ халаттылардың құқықтары қорғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Қазан, 2025
Елімізде 25,9 млн тонна астық бастырылды
Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Ұйымдастылған науқан агротехникалық талаптарға сәйкес мерзімде өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қазан, 2025
Дастан Сәтбаев әлемнің ең үздік жас футболшылары қатарына енді
Әлемге әйгілі Британдық The Guardian биылғы жылы 2008 жылы дүниеге келген ең талантты жас футболшылардың жаңа тізімін ұсынды. Сол беделді рейтингке алғаш рет қазақстандық ойыншы – алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтбаев енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Елордада қонақүй өртінен 60-қа жуық адам эвакуацияланды
Бас қаланың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойындағы бес қабатты қонақүйден өрт шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қазан, 2025
Биыл көпбалалы отбасылар мен аналарға 450 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленді
Биыл жыл басынан бері орта есеппен көп балалы отбасыларға, сондай-ақ күміс, алтын алқалы аналарға берілетін жәрдемақы 847,7 мың отбасыны қамтыды. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар – шамамен 604,5 мың, ал награда алған аналар – 243,2 мың адам. Жалпы төлем сомасы 449,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 15 Қазан, 2025
Астанада Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады. Биылғы форумның тақырыбы – «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру».
Үкімет • 15 Қазан, 2025
Олжас Бектенов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Онда мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-әрекеттері мен жаңа стратегияларды қамтитын 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қазан, 2025
Алматы облысында болған жол апатынан 2 адам қаза тапты
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Алматы облысы, Жалпақсай ауылында болған ірі жол апатының кадрлары жарияланды. Алдын ала деректерге сәйкес, апатқа қатысқан көліктердің бірін небәрі 13 жастағы жасөспірім жүргізген. Ол алған жарақаттарымен емханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Қазан, 2025
Елордаға LRT-ның тағы екі жылжымалы құрамы жеткізілді
Астана қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін іске қосуға дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Сол жоспардың аясында қалаға тағы екі жылжымалы құрам жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қазан, 2025
Астанада Қоғамдық кеңестердің IV Республикалық мәжілісі өтті
Астанада XII Азаматтық форум аясында Қоғамдық кеңестердің IV Республикалық мәжілісі ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, өңірлік және республикалық қоғамдық кеңестердің мүшелері, сарапшылар, халықаралық серіктестер мен азаматтық сектор өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Қазан, 2025
KASE цифрлық қаржы құралдарын енгізуді аяқтап қалды
Қазақстандық қор биржасы цифрлық қаржы құралдарын енгізуді пысықтап жатыр. KASE басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов бүгін қор нарығы платформасында журналистермен кездескенде Ұлттық банк ҚНДРА-мен және нарықтың кәсіби қатысушыларымен бірлесіп, нақ осы инфрақұрылымды сипаттайтын АМО туралы заңға өзгерістер енгізуді аяқтап калды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Қазан, 2025
Қамаудан босап шыққандар әкімшілік қадағалауға алынады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа бірыңғай заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президентін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударды. Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау аяқталуға жақын
Аталған жұмыс – 58 жылдан кейін алғаш рет қолға алынып отыр. Бұл су қоймасы – Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақжайық ауданы аумағында, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қазан, 2025
Мексикада су тасқыны салдарынан 64 адам қаза тапты
Мексикада бірнеше күн бойы толассыз жауған нөсер жауын мен тропикалық дауылдардың салдарынан су тасқыны болды. Ел билігі 64 адамның мерт болғанын, тағы 65 тұрғынның хабарсыз кеткенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Қазан, 2025
6 800 педагог біліктілігін арттырып жатыр
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған кешенді бағдарлама іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қазан, 2025
Шымкент пен Қызылордада мәжбүрлі неке бойынша алғашқы істер тіркелді
Бұл туралы Бас прокуратура мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционерін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Қазан, 2025
Жайық жастарына баспана алуға жаңа мүмкіндік
Батыс Қазақстан облысында жастарға арналған «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасының үшінші кезеңі басталды. Бұл жолы 90-нан астам жас жеңілдікті шартпен баспана алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Парламентті қалыптастырудағы пропорциялық жүйенің артықшылықтары туралы сөз етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында заң шығару процесін жетілдіру және кәсібилікті арттырудың маңыздылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында елімізде жоспарланып отырған саяси және конституциялық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қазан, 2025
Бір палаталы Парламентке өтуді мұқият ойластырып, байыппен жүргізу қажет - Тоқаев
Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйлеп, атқарылып жатқан саяси жаңғырудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы: Парламенттік реформа – еліміздің тағдырына тікелей қатысы бар мәселе
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Қазан, 2025
Биыл жүк тасымалы көлемі 9,1 пайызға артқан
2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалы көлемі 9,1 пайызға артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қазан, 2025
Ел экономикасы 6,3 пайызға өскен
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қазан, 2025
Cу мәселелерін шешудегі Қазақстанның рөлі жоғары бағаланды
Тәжікстан Энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоди Шоимзода Орталық Азиядағы су мәселелерін бірлесіп шешуге Қазақстанда су және ирригация саласына арнайы жауапты министрліктің құрылуы серпін бергенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 14 Қазан, 2025
Астанада Республика күніне орай 150-ге жуық іс-шара өтеді
25 қазанда Қазақстанда ұлттық мереке – Республика күні кең көлемде аталып өтеді. Бұл күнге орай елордада мәдени, спорттық, білім беру және әлеуметтік бағыттағы 150-ден астам түрлі іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 14 Қазан, 2025
Газа қаласында ХАМАС операциясы салдарынан 32 адам қаза тапты
Газа қаласында ХАМАС қозғалысы қарсыластарына қарсы репрессиялық операция жүргізіп, кемінде 32 адамның өмірін қиды. Бұл оқиға Израильмен жасалған атысты тоқтату келісімінен бірнеше күн өткен соң болды, деп хабарлайды Egemen.kz.