Оқиға • Бүгін, 17:00

Алматы облысында болған жол апатынан 2 адам қаза тапты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Алматы облысы, Жалпақсай ауылында болған ірі жол апатының кадрлары жарияланды. Алдын ала деректерге сәйкес, апатқа қатысқан көліктердің бірін небәрі 13 жастағы жасөспірім жүргізген. Ол алған жарақаттарымен емханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында болған жол апатынан 2 адам қаза тапты

Фото: istockphoto.com

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 13 қазанға қараған түні, шамамен сағат 00:30-да болған. «ВАЗ» және «Hyundai Grandeur» маркалы екі көлік соқтығысқан.

«Алдын ала анықталғандай, «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шыққан кезде басты жолмен келе жатқан көлікке жол бермеген. Жол апатының салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші көлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Қарасай аудандық полициясы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше