П
Заң • 01 Желтоқсан, 2025
Елімізде жол ережесін қайта-қайта бұзған жүргізушілерге айыппұл баллы есептелмек
Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен орталық, жергілікті және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Атырауда иелігіндегі малды қараусыз жібергендерге 790 хаттама толтырылды
Биыл Атырау облысында үй жануарларын жаю қағидатын бұзатындар қатары көбейіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Тексеріс жүріп жатыр: Жамбыл облысының әкімі перзентханадағы дауға қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында аймақтағы ана мен бала өліміне қатысты сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп жазады Ақорда.
Қысқы спорт • 01 Желтоқсан, 2025
Қысқы олимпиада ойындары қыр астында: Қоржында қанша лицензия бар?
2026 жылдың 6–22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында төрт жылдықтың басты додасы – XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында ел спортшылары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Өрттен қалай сақтануға болады?
Электр энергиясы өмірімізді жеңілдететіні мәлім, алайда тұрмыстағы өрттердің әр үшіншісі дәл соның салдарынан болады екен. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бірнеше қарапайым ережені сақтасаңыз мұндай қауіптің алдын алу оңай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті
Үшарал ауылы маңында патрульдік полиция экипажы көлігінің дөңгелегі жарамсыз болып, жолда қалған Қытай азаматтарына қол ұшын созды. Полицейлер Алматы–Өскемен трассасында тоқтап тұрған көлікті байқап, көмекке ұмтылған, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда шағын бизнестің салығы 3%-ға дейін төмендетілді
Алматы қаласы мәслихатының депутаттары шағын бизнеске арналған жаңа арнайы салық режимі (АСР) бойынша мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету туралы ұсынысты қолдады. Бұл шешім 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында қабылданып отыр. Кодекске сай базалық мөлшерлеме 4% болып белгіленген. Десе де өңірлерге оны 2–6 пайыз аралығында реттеу құқығы берілген, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл мемлекет кәсіпкерлерге қанша трлн теңге берді?
Жыл басынан бері «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге 1 трлн 739 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, 9 мыңнан астам жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Жұлдыз Сүлейменова: Педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралады
Педагогтерді аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сұрақ-жауап форматында өткен талқылауда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында ер адамды жүк пойызы қағып кетті
Жетісу облысында жүк пойызы адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан ер адам аяғынан жарақат алып, шұғыл түрде Сарыөзек станциясының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Теңге долларды ығыстырды: Депозиттегі ұлттық валюта үлесі күрт өсті
2025 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша еліміздегі жеке тұлғалардың депозиті 21,6 трлн теңгеге жетті. Бұл сома – өткен жылдағы көрсеткіштен 19,9 пайызға көп, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген алғаш рет Мысыр пирамидалары маңында өнер көрсетті
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 30 қарашада The Pyramids Echo фестивалі аясында өзінің дербес концертін ұсынды. Бұл – ТМД елдерінің әртістері арасында Африка құрлығында, пирамидалар жанында өткен ең алғашқы концерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері 7,9 млрд теңге жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Qyran» тұрғын үй кешенінен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлерін тексеріп жатыр. Алаяқтық нәтижесінде азаматтар мен компанияға жалпы 7,9 млрд теңге шығын келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 01 Желтоқсан, 2025
«421 мың тонна прекурсор анықталды»: Қазақстанда 1000-ға жуық ұйым тексерілді
Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында 981 ұйымға тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәмілені кейінге қалдырды
Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәміленің аяқталу мерзімін 2026 жылдың ортасына дейін шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Павел Дуров Amazon-ға бәсекелес болатын платформасын таныстырды
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Confidential Compute Open Network платформасын іске қосты. Аталған платформа ақпарат іздеуде ЖИ мүмкіндіктерін қолданушылардың жеке деректері мен құпиясын 100% сақтауға кепілдік беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Желтоқсан, 2025
«Қайраттың» танымал бапкері өмірден озды
Бүгін 10 жылдан астам уақыт «Қайрат» жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан «Қайрат» ФК Академиясының жетекшісі Кирилл Сергеевич Кекер 46 жасында күтпеген жағдайда өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Желтоқсан, 2025
Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына ұсынылған Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Ауыл мектептерінің оқушылары республикалық жарыста топ жарды
25-29 қараша аралығында Астана қаласында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 36 оқушы бақ сынады. Алматы облысының оқушылары айқын жеңіске жетіп, 18 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2025
Павлодарда үш апта бұрын жоғалған ер адам әлі іздестіріліп жатыр
Павлодар облысында 3 аптадан астам уақыт бұрын – 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап із-түссіз жоғалған ер адамды құтқарушылар мен полиция үздіксіз іздеп жатыр. Жоғалған адам 1968 жылы туған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қараша, 2025
«Астана» футбол клубы жабылуы мүмкін
Қазақстан футболының ең қымбат жобаларының бірі, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған «Астана» бүгінде бұрын-соңды болмаған дағдарыстың қақ ортасында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қараша, 2025
Президент Садыр Жапаровты Жогорку Кенеш сайлауының табысты өтуімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Спорт • 30 Қараша, 2025
Қазақстан дзюдошылары Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады
Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдо бойынша Grand Slam кезеңінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2025
Атырауда бес күнде борышкерлерден 20 млн теңге айыппұл өндірілді
Атырау облысында әкімшілік айыппұлын төлемей жүргендерді анықтау мақсатында бірлескен рейд өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қараша, 2025
«Атырау» футбол клубы бас бапкермен келісімшартты ұзартты
Жергілікті футбол клубының директоры Қуандық Жақиялиев бас бапкер Виталий Жкуовскиймен келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2025
БҚО-да қос азаматтығын жасырған әйелге айыппұл салынды
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты азаматша В-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2025
Жыл басынан бері Шиелі ауданында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 120 адам анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қараша, 2025
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншылары қатарына енді
Алматының «Қайрат» командасының және Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы матчында ең жоғары баға алған футболшылар қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.