Фото: Blockchain Life 2025 / X
Павел Дуров жаңа платформа Cocoon Amazon, Microsoft сынды жүйелерге балама бола алатынын атап өтті. Сондай-ақ желі Telegram-дағы сөйлемдерді автоматты түрде аударуға қатысты кей сұранысты өңдейтін болады.
«Желіні қолданушылар Microsoft немесе Amazon сияқты орталықтандырылған провайдерлерге қарағанда төмен бағамен есептеу ресурстарын пайдалана алады. Қазірдің өзінде арнайы веб-сайтты іске қостық. Желіні пайдаланушылар жеке деректерінің сақталуын өздері бақылай алады», деді Telegram мессенджерінің негізін қалаушысы.
Бизнесмен желіні пайдаланушылар қатарын арттыру мақсатында алдағы аптада Cocoon-ның функциялық мүмкіндіктерін арттыруды жоспарлап отыр.