фото: polisia.kz
Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Оның аясында, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында елімізде «Дәрмек» іс-шарасын өткізіп жатыр. Барлығы 981 ұйым тексерістен өтті.
«421 мың тонна прекурсор алынды. 20 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Тексеру барысында кәсіпорын басшыларына ескерту жасалды. Соған қарамастан, кемшіліктер анықталып жатыр», делінген ІІМ хабарламасында.
Мысалы, сот шешімімен Балқаш қаласындағы ұйымның лицензиясы тоқтатылды.
«Заңды тұлғаларға үндеу: Комитет бұл жұмысты жалғастырып, заңды түрде шаралар қабылдайды», делінген хабарламада.