ана
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Арқалықтағы әуежай қайта жаңғыртылады
Қостанай облысында Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстыратын автожолын салу, сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
Су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 02 Сәуір, 2025
Астанада жазғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады
Елорда әкімдігі 5 сәуірден бастап Астанадағы Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Шетелдік ұйымдарға қатаң шара қолдану керек - депутат
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Үкіметке арнайы депутаттық сауал жолдап, елдегі ұлттық құндылықтарға қарсы әрекет ететін ұйымдардың жұмысына тыйым салуды талап етті. Депутат ЛГБТ насихатының кеңінен таралып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге бағытталуы Қазақстанның дәстүрлі моральдық құндылықтарына қауіп төндіретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2025
Астанадағы 190 көшеде жол белгілері жаңартылады
Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 1 сәуірден бастап қаланың көше-жол желісіндегі жол белгілерін жаңарту үшін дайындық жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Министрлік Шудағы ана өліміне байланысты тексеруді бастады
Жамбыл облысы Шу ауданындағы ана өлімі фактісі бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шу ауданының емханасы мен ауданаралық орталық ауруханасына қатысты тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексеруді бастап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz сала министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Технология • 02 Сәуір, 2025
Инновациялық технологиялар паркі мен Астана Хаб біріктіріледі
Бүгін Мәжіліс инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2025
Елордада тағы бір «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды
Қаланың Сарайшық ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі 1 сәуірден бастап өз жұмысын бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 01 Сәуір, 2025
Астанадағы кәсіби бокс кешін Сабырхан-Тордесилья бастайды
5 сәуір күні «Барыс аренада» өтетін кәсіби бокс кешінде Махмұд Сабырхан колумбиялық Николас Тордесильяға қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Nomad проумоушені хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 31 Наурыз, 2025
Қостанайда тазалық айы басталды
Қостанайда наурыздың 31-інен бірінші мамырға дейін жалпыхалықтық санитарлық тазалық акциясы өтеді.
Елорда • 31 Наурыз, 2025
Қытай Астана үшін маңызды жобаның құрылысын бастайды
Бүгін елордада Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су тартқыш пен №4 сорғы-сүзгі стансасының құрылысына арналған EPC-келісімшартына қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 31 Наурыз, 2025
Астанада Инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды
Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, спорт орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Наурыз, 2025
Қазақстан мәнерлеп сырғанаушысы әлем чемпионатында күміс жүлде алды
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының жетекшісі Михаил Шайдоров Бостонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Наурыз, 2025
Ведомстволық наградаларды біріздендіру мәселесі талқыланды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті геральдикалық жұмыс басқармасы мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Қостанай облысында 8 ауыл алкогольді ішімдіктен бас тартты
Өңірде өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени қоғам» жобасы аясында былтыр Милісай, Сарысу, Әбдіғапар, Крамск, Отынағаш, Көктал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартып еді. Биыл алкогольсіз ауылдардың қатарына Ұзынкөл ауданындағы Абай, Оқатқан қосылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Наурыз, 2025
Үкімет Қостанайға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Аталған қаржы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында «Қостанай» индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмсалады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
«Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді
5 сәуір күні Ақтауда қаланың түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты ресми ашылу салтанаты өтеді. Айтулы шара теңіз жағалауында ұйымдастырылып, түркі халықтарының ортақ құндылықтары мен Маңғыстау өңірінің бай мәдени мұрасы кеңінен таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 28 Наурыз, 2025
Дархан Қыдырәлі: Ислам каллиграфиясы – мәдени мұраны сақтау құралы
Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасында «Құснихат: Орталық Азиядағы ислам каллиграфиясы» атты көрме өтті. Көрмені ұйымдастыруға Парламент Сенаты қолдау білдіріп, Мұсылман ақсақалдар кеңесі Орталық Азия кеңсесі ұйытқы болған деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Михаил Шайдоров 4-ші жаһандық додасын (2021, 2023, 2024 жыл) жоғары ұпаймен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Қанат Бозымбаев су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралады
Вице-премьер жұмыс сапары барысында Жылыой ауданы мен Құлсары қаласының су тасқынына дайындығын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2025
Қостанай облысына жедел жәрдем тікұшағы берілді
Қостанай облыстық жедел жәрдем қызметінің санитарлық авиациясы «Eurocopter H-145.D-3 Airbus helicopter» тікұшағымен толықты.
Спорт • 27 Наурыз, 2025
Светлана Анкичева жартылай финалға шықты
Бүгін Иордания астанасы Амманда әйелдер арасында Азия додасының сайыстары басталды. Қазірге дейін бозкілемге шыққан 4 балуан қызымыздың үшеуі ширек финалда жеңіліп, біреуі жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2025
Ораза айт намазының уақыты белгіленді
30 наурыз - ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 27 Наурыз, 2025
Астанада өткен мереке күндері ондаған мас жүргізуші ұсталды
Астанада Наурыз мерекесіне орай берілген демалыс күндері полицейлер алкогольдік масаң күйде болған 31 жүргізушіні анықтады. Олардың екеуі қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Наурыз, 2025
Перзентхана дәрігерлерінің жалақысын көтеру қажет - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Н.Сәрсенғалиев кейінгі 6 жылдағы ана мен бала өлімінің деректеріне тоқталып, салада саралануы тиіс күрмеулі мәселелерді айтып, Үкімет басшысына сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 26 Наурыз, 2025
Шекаралық аудандардың стратегиялық маңызы зор - депутат
Ел Президенті Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайда Үкіметке депутаттармен бірге «AMANAT» партиясы ұсынған шекара маңындағы аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң қабылдау бастамасын жан-жақты қарастыруды тапсырғаны мәлім. Сол орайда Ерлан Саиров депутаттық сауалында бұл – өте маңызды міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Наурыз, 2025
Ұлыстың ұлы күнінде жас спортшылар сынға түсті
22-23 наурыз күндері ARDA TEAM командасы Riviera International School by Quantum және Copa.kz спорт дүкенінің қолдауымен 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында Наурыз мерекесіне орай футбол турнирін ұйымдастырды.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2025
Қостанай облысында 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді
Қостанай облысында тасқын суын қауіпсіз өткізу үшін 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 23 Наурыз, 2025
«Таза Қазақстан»: Наурыз мейрамында спортшылар тазалық жұмысын жүргізді
Наурыз мейрамы – табиғат пен адамзаттың жаңаруын бейнелейтін ерекше мереке. Бұл күні игі істерге бастамашы болу дәстүрге айналған. Осы орайда Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, қаланың әртүрлі орындарында спортшылар өздерінің жарыс өткізетін орындарын қоқыстан тазартып, қаланың көркеюіне үлес қосты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
Қостанай облысында су тасқынына қарсы шаралар жасалып жатыр
2025 жылғы 21 наурыздағы жағдайға сәйкес өңірдегі жағдай тұрақты, барлық тартылған қызметтер үйлесімді және үйлестірілген түрде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.