Спорт • Бүгін, 10:35

Астанада зейнеткерлерге арналған эко-веложарыс өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада зейнеткерлер арасында ерекше форматтағы экологиялық веложарыс ұйымдастырылды. «Жасыл жол – Ұрпаққа аманат!» атауымен өткен бұл шараға 60-тан астам зейнеткер қатысты. Веложарыс салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, аға буын өкілдерінің қоғамдық белсенділігін арттырып, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада зейнеткерлерге арналған эко-веложарыс өтті

Шараға 61 бен 84 жас аралығындағы велоспорт әуесқойлары қатысты. Ең жасы үлкен қатысушылар – 84 жастағы Қайыпқали Смағұлов пен Андрей Федоров. Олар жастарға үлгі боларлықтай сергек қалпымен көзге түсті. Зейнеткерлер бұл бастама арқылы қала тазалығын сақтауға, табиғатты аялауға үндеу тастады.

Велошеруге Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы, Спорттық-бұқаралық іс-шараларды жүргізу дирекциясы және Нұра ауданының әкімдігі қолдау білдірді. Шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл веложарыс зейнеткерлердің белсенділігін арттырып қана қоймай, қоғамда экологиялық сана мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың бір үлгісіне айналды.