ЕНТ
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды. Басшыны департамент ұжымына ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Мамыр, 2025
Президент пен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Мамыр, 2025
Президент пен Тақ мұрагері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Мамыр, 2025
«Шымкент-Ташкент» веломарафоны өтті
Үшінші мегаполисте өткен жарысқа жүздеген спортшы қатысты. Қаланың Әл-Фараби алаңынан жарыс жолын бастаған велошабандоздар Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы Жібек Жолы кеден бекетінде мәре сызығын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Мамыр, 2025
Президент пен Абу Дабидің Тақ мұрагері елордадағы №84 мектеп-лицейді аралады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян елордадағы шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейді аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2025
Атырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Атырау облысының Доссор кентінде ашылған жаңа өрт сөндіру депосы 40 шақырым радиустағы 15 мыңнан астам адамның өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2025
Ақмола облысында 300-ге жуық мұғалімге жалақы төленбей келген
Ақмола облысының Ерейментау ауданында тоғыз мектептің 298 мұғаліміне жалақы төленбей, жалпы берешек көлемі 80 миллион теңгені құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 12 Мамыр, 2025
Қуаныш Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2025
Баянсыз байлық жақсылыққа апармайды: Президент анасының өсиеті туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аналар күні мерекесіне орай әлеуметтік желідегі парақшасына анасы Тұрар Шабарбаева туралы естелікке толы жазба қалдырды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент • 11 Мамыр, 2025
Шымкентте 9 жасар бала канализацияға құлап кетті
Шымкентте тоғыз жасар бала футбол ойнап жүріп нөсер канализациясына түсіп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады
Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан халықаралық рейтинг турниріне барды.
Президент • 10 Мамыр, 2025
Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын еді - Президент
Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Темірхан Медетбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 08 Мамыр, 2025
Қытай басшысы келесі айда Қазақстанға сапармен келеді
Бұл туралы Борт N1 Telegram арнасын,да жарияланды.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесті
Мемлекет басшысы ең алдымен Премьер-министр Мин Аун Хлайнға жуырда Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Елімізге Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен келеді
11-12 мамыр күндері елімізге Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен келеді.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті
Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2025
Шымкентте 49 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
Шымкент қаласында 2025 жылға дейін жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау бағытында ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, биыл 49 567 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған, оның ішінде жыл басынан бері 9 737 адам жұмысқа орналасқан. Бұл еңбек нарығындағы белсенділіктің артқанын білдіреді. Қазіргі таңда қаладағы жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайыз, ал жастар арасындағы жұмыссыздық – 3,5 пайызды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Президент Германияның Федералдық Канцлері Фридрих Мерцті құттықтады
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Шымкент қаласының жол-көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады
Шымкент қаласының дамуы үшін жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселесі айрықша маңызға ие. Жолдардың кең, тегіс әрі сапалы болуы қала экономикасы мен тұрғындардың өмір сапасына, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осы орайда қалада жол құрылысы, қайта жаңғырту, жөндеу, қоғамдық көлік саласын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Шымкенттіктер Астанадағы әскери шеруді тамашалады
Қаладағы Астана алаңы, Жастар ресурстық орталығы мен Қызғалдақ фонтаны маңына орнатылған үлкен экрандар арқылы тұрғындар ел астанасында өткен тарихи оқиғаны тікелей эфирде тамашалады. Түркістан сарайында да әскери қызметкерлер шеруді бірге көріп, маңызды сәтке ортақтасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы армия қуаты темірдей тәртіппен нығаятынын айтты
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен салтанатты шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың ерлік дәстүрі мен армияның ел қауіпсіздігін сақтаудағы рөлі туралы мазмұнды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында мәлімдеме жасап, бұл тарихи оқиғаның ел бірлігі мен бейбітшілік құндылығын ұғынудағы ерекше рөлін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2025
Шымкентте мерекелік концерт өтті
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Шымкентегі «Қызғалдақ сарайында» өткен «Егемен елдің қорғаны» атты мерекелік концерт ту көтеру рәсімімен басталды. Еліміздің әнұраны шырқалып, патриоттық әндер орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 06 Мамыр, 2025
Мәжіліс төрағасы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кездесті.
Президент • 06 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Астана-Опера театрында концерт тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент • 05 Мамыр, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам басшысын қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 05 Мамыр, 2025
Президент әскери шен беру туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың бапсаөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Мамыр, 2025
Бірқатар әскерилер мемлекеттік марапат алды
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 02 Мамыр, 2025
Алименттен қашып жүрген әкелердің бейресми табыстары тексеріледі
Осыдан бірер апта бұрын Үкімет сағатының қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттарының Әділет министрлігіне және тағы басқа уәкілетті органдарға жолдаған ұсыныстары қатарында ең маңыздыларының бірі – мемлекеттік алимент қорын құру туралы болғаны мәлім. Осы орайда Egemen.kz тілшісі Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Снежанна Имашевадан мәселенің мән-жайы туралы сұрап, сұхбаттасқан еді.