Бұл – Кароль Навроцкий, ол отставкаға кеткен президент Анджей Дуда мүше болған консервативті «Құқық пен әділеттік» партиясының қолдауына ие. Жаңа президент сайлаушылардың 50,89% дауысын жинады.
«Ол дауыс берудің екінші турында сайланды», делінген Польша сайлау комиссиясының мәлімдемесінде.
Оның қарсыласы билік басындағы «Азаматтық коалицияның» кандидаты Рафал Тшасковский 49,11% дауыс жинады.
Польшадағы президент сайлауының екінші кезеңі 1 маусымда рекордтық көрсеткішпен өтті.
Президенттік сайлаудың бірінші туры Польшада 2025 жылдың 18 мамырында өткен. Елдің басты лауазымына 13 кандидат таласты. Қазіргі мемлекет басшысы Анджей Дуда бұл сайлауға қатыса алмады, себебі ол бұл қызметті қатарынан екінші мерзім атқарып келген.