Жұмысшы мамандықтар жылы • 02 Маусым, 2025

Колледж студенттері арасында республикалық жарыс өтті

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Talap» КЕАҚ және «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қолдауымен ұйымдастырумен «INNOVATION» республикалық хакатоны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колледж студенттері арасында республикалық жарыс өтті

Фото: Oqu-agartu ministrligi

14 облыс пен 3 қаладан келген 27 мықты команданың басын біріктірген хакатонға колледж студенттері мен түлектері, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы жас мамандар қатысты.

Қатысушылар екі күн бойы сандық шешімдерді құрды. Бағалау – инновациялылық, функционалдылық, UX/UI-дизайн, практикалық қолдану және басқа да он негізгі критерий бойынша жүргізілді.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша «INNOVATION» хакатонының қорытындысы мынадай:

1 орынды – Павлодар қаласының Goodbalalar командасы алса, 2 орынды – Ақмола облысы, Щучинск қаласының «Битый байт» және Алматы қаласының CyberKumbez командалары алып, 3 орынды – Павлодар қаласының BlinkXES командасы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Aviola командасы және Алматы қаласының Caspian Students командасы иеленді.

Негізгі жүлделерден бөлек арнайы номинациялар бойынша марапаттар табысталды: «Үздік техникалық шешім» – Алматы облысы Қонаев қаласының Warlock командасы, «Дизайн шеберлігі» – Алматы қаласының CreaTeam командасы, «Үздік командалық өзара іс-қимыл» – Астана қаласының ATV Alliance командасы, «Инновациялық жоба» – Павлодар қаласының DivSync командасы, «Үздік команда жетекшісі» – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Edgerunners командасы, «Креативті шешім» – Қызылорда қаласының ORDA командасы.

Жүлде қоры 3,5 миллион теңгені құрап, барлық қатысушылар, тәлімгерлер мен команда жетекшілері сертификаттар және ақшалай сыйлықтар алды.