ат
Өнер • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда «Киелі мекен» атты көрме ашылды
Ұлттық орталық музейде Мәдениет саласының үздігі, суретші, мүсінші, карикатурашы Қали Қораласбаевтың шығармашылығына арналған «Киелі мекен» атты көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп жазады Ақорда.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
14 жыл ішінде Алматы метрополитені неше миллион жолаушыны тасымалдады?
Алматы метрополитенінің іске қосылғанына бүгін 14 жыл толып отыр. Жолаушылардың қауіпсіз, қолайлы әрі жылдам жүруін қамтамасыз етіп келе жатқан метрополитен осы уақыт ішінде қаланың негізгі көлік түрлерінің біріне айналған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда баланы басынан тепкен ер адам қамауға алынды
Алматыдағы ойын алаңдарының бірінде ер адам бес жасар баланың басынан тепкен сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Балалар омбудсмені Динара Закиева аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары сатылымға шығарылды
Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған Алматыдағы «Байсат» базары қайтадан саудаға шығарылды. Бұл ақпарат Қайтарылған активтерді басқару компаниясының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті
Үшарал ауылы маңында патрульдік полиция экипажы көлігінің дөңгелегі жарамсыз болып, жолда қалған Қытай азаматтарына қол ұшын созды. Полицейлер Алматы–Өскемен трассасында тоқтап тұрған көлікті байқап, көмекке ұмтылған, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда шағын бизнестің салығы 3%-ға дейін төмендетілді
Алматы қаласы мәслихатының депутаттары шағын бизнеске арналған жаңа арнайы салық режимі (АСР) бойынша мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету туралы ұсынысты қолдады. Бұл шешім 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында қабылданып отыр. Кодекске сай базалық мөлшерлеме 4% болып белгіленген. Десе де өңірлерге оны 2–6 пайыз аралығында реттеу құқығы берілген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Жұлдыз Сүлейменова: Педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралады
Педагогтерді аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сұрақ-жауап форматында өткен талқылауда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 01 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында арнайы салық режимінің мөлшерлемесі 2%-ға төмендетілді
Атырау қаласы мен жеті аудандық мәслихаты арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендетуді мақұлдады. Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жаңа мөлшерлеме 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда жаңа туған нәресте саудасына қатысты қылмыстық іс тіркелді
Алматы әуежайында шетел азаматтарының суррогат анадан туған балалармен елден шығуға әрекет жасағаны туралы ақпарат тарады. Сәбилерді сатумен бірнеше отбасылық жұп айналысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның туристік сақтандыру нарығында өсу көрсеткіші байқалды
Туристік сақтандыру нарығы дүниежүзінде тұрақты өсіп жатыр. Бұл динамикаға халықаралық сапарлардың артуы, сақтандыру саласына цифрлық шешімдердің енгізілуі және туристер полистерді онлайн рәсімдейтін платформалардың кеңеюі әсер етіп отыр. Мемлекеттік құрылымдар мен туроператорлардың саяхат кезінде сақтандыруды негізгі қорғаныс құралы ретінде жиі ұсынуы да сұранысты арттырып отыр. Қазақстанда да туристік сақтандыру нарығы өсіп келеді, бірақ сегменттің үлесі небәрі 1%, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәмілені кейінге қалдырды
Kaspi.kz түркиялық банкті сатып алуға қатысты мәміленің аяқталу мерзімін 2026 жылдың ортасына дейін шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Желтоқсан, 2025
«Қайраттың» танымал бапкері өмірден озды
Бүгін 10 жылдан астам уақыт «Қайрат» жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан «Қайрат» ФК Академиясының жетекшісі Кирилл Сергеевич Кекер 46 жасында күтпеген жағдайда өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 01 Желтоқсан, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Алматы мен Астананың айырбастау пунктеріндегі доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Ауыл мектептерінің оқушылары республикалық жарыста топ жарды
25-29 қараша аралығында Астана қаласында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 36 оқушы бақ сынады. Алматы облысының оқушылары айқын жеңіске жетіп, 18 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 01 Желтоқсан, 2025
Украина Қазақстанның наразылығына қатысты жауап берді
Украина Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына Новороссийск портында жасалған шабуылға байланысты Қазақстанның алаңдаушылығына ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Қараша, 2025
«Ұлы Жібек Жолы» балеті көрермен қошеметіне бөленді
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көпшілік асыға күткен «Ұлы Жібек Жолы» атты екі бөлімді балеттің салтанатты премьерасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2025
Атырауда бес күнде борышкерлерден 20 млн теңге айыппұл өндірілді
Атырау облысында әкімшілік айыппұлын төлемей жүргендерді анықтау мақсатында бірлескен рейд өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қараша, 2025
«Атырау» футбол клубы бас бапкермен келісімшартты ұзартты
Жергілікті футбол клубының директоры Қуандық Жақиялиев бас бапкер Виталий Жкуовскиймен келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2025
БҚО-да қос азаматтығын жасырған әйелге айыппұл салынды
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты азаматша В-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 30 Қараша, 2025
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Атырау облысында 10 айда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты 4 720 дерек тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты отандық медицинадағы кезекте межені бағындырып, екі науқасқа соңғы буынғы үш камералы кардиостимулятор орнату операциясын атқарды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Атырау облысында қант диабетімен ауыратын 13 мың 720 адам тіркеуде тұр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Парламент Сенатының Төрағасы және Палата депутаттары Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізу аясында елордадағы бірқатар мектептің қызметімен және инфрақұрылымымен танысты. Сенаторлар бастауыш мектептің мамандандырылған кабинеттерінде, IT-зертханаларда, кітапханалар мен спорт залдарында болып, педагогтармен білім және ғылым саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасында өткен төмендегідей оқиға қазір медициналық қауымдастықтың үлкен талқысына түскен еді. Биыл мегаполисте аневризманың жарылуымен қатар инсульттан кейін комаға түскен 67 жастағы науқасқа үш бірдей күрделі отаны қатарынан жасаған еді. Содан кейін төрт айдан соң ол ақ халатты абзал жандарға алғыс айту үшін ауруханаға өзі келді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Халықаралық OPSI платформасы Қазақстанның e-Qyzmet – персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу бойынша сараптамалық материал жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Алматыда үздік отандық брендтер анықталды
Алматыда кәсіпкерлік, батыл шешімдер мен идеяларды нақты брендке айналдыруға бағытталған ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба – KazBrand реалити-байқауының финалы өтті. Жобаны Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығы (ОАФҚ) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰҚП) және «Respublica» партиясының қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz atameken.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәдениет • 28 Қараша, 2025
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 2025 жылдың 2 желтоқсанында Қ.Жүнісовтің «Әміре» музыкалық драмасының премьерасын ұсынады. Айтулы қойылым қазақтың біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың Париждегі дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесінде өнер көрсеткеніне 100 жыл толуына арналған, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 28 Қараша, 2025
«Тайталас тағдыр» кітабы таныстырылды
Алматыдағы Ұлттық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұловтың «Тайталас-тағдыр» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті
Кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпиондары атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Сауат Нұрғалиев қатысты, деп хабарлайды Ақорда.