Оқиға • Бүгін, 12:40

Петропавлда кәсіпкерді заңсыз тексерген шенеунік айыппұл арқалады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың қосалқы бөлшектер сатумен айналысатын кәсіпкер Сауда және тұтынушылардың құқын қорғау департаментінің қызметкері өзін заңсыз тексерді деп прокуратураға шағым түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда кәсіпкерді заңсыз тексерген шенеунік айыппұл арқалады

Фото: Ерлан Омар

Прокуратура органдары істің мән-жайын зерттей келе, кәсіпкердің құқығы бұзылғанын растады. Соның нәтижесінде заңсыз әрекетке барған шенеунікке 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, яғни 432,5 мың теңге айыппұл салынды.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Қазбек Ғалымжанның түсіндіруінше, кез келген тексеріс алдымен прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментінде міндетті түрде тіркелуі тиіс. Сондай-ақ тексерісті бастау үшін заңды негіз болуы шарт. Бұл жағдайда сауда департаментінің қызметкері ешқандай тіркеусіз тексеріс бастаған. Енді ол өз әрекеті үшін заң алдында жауап беріп, қомақты айыппұл төлеуге міндеттелді.

 

Петропавл

Соңғы жаңалықтар