Қысқы спорт • Бүгін, 15:34

Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Ливиньо тау шаңғы курортында XXV қысқы Олимпиада ойындарының фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Осы сында ел атынан жарыс жолына шыққан Аяна Жолдас іріктеу кезеңінде сүрінді, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады

Фото: ҰОК

Қысқы Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Аяна Жолдас 2 іріктеу кезеңіндегі жоғары ұпайы – 61.11 балл болды. Бұл нәтиже финалда бақ сынауға мүмкіндік беретін үздік он екіліктің қатарына енуге жеткіліксіз болды.

Осылайша, 24 жастағы Ұлттық құрама спортшысы екінші Олимпиадасын 21-орынмен аяқтады. Ол 2018 жылы Пхёнчхан ойындарында 24-сатыдан көрінген болатын.

Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?

Айта кетейік, финалға алғашқы іріктеуде үздік шыққан – 6 фристайлшы, екінші кезеңде көп ұпай жинаған тағы 6 фристайл шебері жолдама алды. Финалдық бәсеке бүгін Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Бұл іріктеуден өткен 12 спортшының алтауы үлкен финалға шығады.

Ерлер арасындағы квалификация ертеңге жоспарланған. 

Бүгін шаңғы жарысының спринт түрінде бақ сынаған әйелдер құрамасы да финалдық ойындардан тыс қалды. 

Кешегі жарыс күнінде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 68,47 ұпаймен жеке рекордын жаңартты. 

Ал қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады. 

Соңғы жаңалықтар

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Руханият • Бүгін, 15:59