Оқиға • Бүгін, 15:22

Алматыда жер сілкінді

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматыда 2026 жылғы 17 ақпанда сағат шамамен 15:11-де жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жер сілкінді

Фото: Ашық дереккөз

ТЖМ жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км жерде орналасқанын мәлімдеді. Алматы қаласының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді.

Алматы облысы аумағындағы жер сілкінісінің сезілу қарқындылығы: 

  • Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы – 4 балл;
  • Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы – 4 балл;
  • Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы – 3 балл;
  • Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 3 балл;
  • Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл;
  • Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпова ауылы – 3 балл;
  • Кеген ауданы, Саты ауылы – 3 балл;
  • Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 3 балл;
  • Кеген ауданы, Кеген ауылы – 2 балл;
  • Талғар ауданы, Талғар қаласы – 3 балл;
  • Іле ауданы, Өтеген-Батыр ауылы – 3 балл;
  • Іле ауданы, Боралдай ауылы – 2 балл;
  • Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы – 2 балл;
  • Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы – 2 балл;
  • Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 2 балл;
  • Ұйғыр ауданы, Чунджа ауылы – 2 балл;
  • Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл;
  • Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы – 2 балл;
  • Алматы облысы, Қонаев қаласы – 2 балл;
  • Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл.

Бұған дейін 5 ақпан күні Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелген еді.

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз. 
  5. Жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
  6. Төменгі қабаттарда болсаңыз ғимараттан шығуға тырысыңыз;
  7. Көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  8. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  9. Электр желілерден, ғимараттардан және ағаштардан аулақ болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35

Алматыда жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 15:22