ас
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Таразда жас балуандар арасындағы ел чемпионаты басталды
Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы чемпионатқа елдің түкпір-түкпірінен мыңнан астам жас балуан қатысып отыр. Бұл доданың маңызы ерекше – жеңімпаздар алдағы Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын негізгі үміткерлер қатарына қосылады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 12 Наурыз, 2026
LRT-да жол ақысы 200 теңге болуы мүмкін
Астанада жеңіл рельсті көлікте (LRT) жол жүру тарифін белгілеуге қатысты әкімдік қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Құжатта LRT жолақысының тарифін 200 теңге деңгейінде белгілеу ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 12 Наурыз, 2026
Париждегі саммит: Әлем елдерінің атом саласындағы ынтымақтастығы нығая береді
Парижде өткен Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммит әлем елдерінің атом саласындағы әріптестігін жаңа деңгейге көтеруге арналды. Жиын аясында Қазақстан делегациясы бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, салалық ықпалдастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 12 Наурыз, 2026
Қазақстанда ЖИ-ді дамытуға арналған 200-ден астам датасет ашылды
Елімізде бизнес пен әзірлеушілерге жасанды интеллект негізіндегі өнімдерді жасау үшін деректерге және есептеу қуаттарына қолжетімділік ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері IT-қауымдастықпен өткен ашық диалог форматындағы кездесуде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Наурыз, 2026
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп секторын жан-жақты дамыту мемлекет саясатындағы негізгі басымдық болып қала беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 12 Наурыз, 2026
Энрике Иглесиастың концерті кезінде қауіпсіздікке кім жауап береді?
Елімізде мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушыларға жеке күзет ұйымдарын тартуға мүмкіндік беретін нормалар қабылданды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Жаңа форматтағы жарыс: Астанада жазда «Болашақ ойындары» өтеді
2026 жылғы 29 шілде-9 тамыз аралығында Астанада «Болашақ ойындары» спорттық фестивалі ұйымдастырылады. Шараға 50 елден 900-ден астам спортшы қатысып, жалпы 4,75 млн доллар сыйлық қоры үшін бақ сынайды. Ойындар елорданың бес спорттық аренасында өтеді. Шараға 100 000-нан астам көрермен қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 12 Наурыз, 2026
Каспий теңізі арқылы электр желісі тартылады
Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан жаңа «жасыл» энергетикалық дәліз құруға бағытталған стратегиялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Наурыз, 2026
Астанада құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын сыртқа алып шыққан
Елордадағы Байқоңыр ауданындағы Тайбурыл көшесінде орналасқан ангар үлгісіндегі цех ғимаратында өрт шықты. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Наурыз, 2026
Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елордада бүгін қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Наурыз, 2026
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Президенттің өкімімен Алмаз Джумакеев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Рауан Кенжеханұлы: Конституция – қоғамның құндылықтарын айқындайтын стратегиялық құжат
Бүгін Астанада Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық өкілдері, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Өз елінің әнұранын орындамай қойған Иран әйелдер құрамасы мүшелерінің тағдыры не болды?
Аустралияда әйелдер арасындағы Азия кубогіне қатысып жатқан Иран ұлттық құрамасының құрамындағы бір ойыншы елден баспана алу ұсынысын қабылдамай, туған еліне қайтып баруға шешім қабылдады. Бұл туралы Аустралияның Ішкі істер министрі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Наурыз, 2026
Елімізде 200 мың педагог ChatGPT Edu-ді пайдаланатын болады
Енді мұғалімдердің жұмысына жасанды интеллект көмектесе бастайды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде шамамен 200 мың педагог ChatGPT Edu құралын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл жүйе сабақ дайындау, тапсырма құрастыру және оқу материалдарын әзірлеу кезінде мұғалімдерге көмек көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 11 Наурыз, 2026
15 наурызда елордалықтар автобуспен тегін қатынайды
15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты Астанада қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Наурыз, 2026
Қар, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы құбылмалы болады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2026
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңіріндегі республикалық маңызы бар тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 11 Наурыз, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана және Алматы қалаларында ақша айырбастау орындарында доллар 492-498 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Ауа райы күрт нашарлады: Бірқатар жолда жол апаты тіркелді
«Астана – Қарағанды – Алматы» республикалық автожолында қолайсыз ауа райы салдарынан 7 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол қызметтері мен құқық қорғау органдары қозғалысты қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Наурыз, 2026
Атыраудағы отбасының қазасы: Қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін
Атырауда жоғалып кетіп, кейін мәйіттері табылған отбасы мүшелерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылды
Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында кейбір рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Наурыз, 2026
Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі
Аталған 2 қала бойынша 32 егжей-тегжейлі 32 жоспарлау жобасы әзірленіп отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Үкімет отырысында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Наурыз, 2026
Астанада құрылыс барысын жасанды интеллект бақылайды
Астанада құрылыс нысандарының барысы жасанды интеллект (ЖИ) және компьютерлік көру технологиялары арқылы бақылауға алына бастады. Бұл туралы сала министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Наурыз, 2026
Биыл елімізде 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Президенттің тапсырмаларына сәйкес, азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 10 Наурыз, 2026
Шымкентте матч кезінде жаппай төбелес болды: Екі ойыншы жарақат алды
Шымкент қаласында өткен жастар арасындағы бақылау матчында алаңдағы келіспеушілік жаппай төбелеске ұласып, салдарынан «Ақтөбе» клубының екі жас футболшысы ауруханаға жеткізілді. Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғам назарын аударды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейтарап мандат негізінде әрекет ететін Халықаралық Қызыл крест комитетінің бірегей сипатына тоқталып, гуманитарлық көмекті саясиландыруға болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 06 Наурыз, 2026
LRT жүйесінің кезекші қызметіне жұмысқа қабылдау басталды
City Transportation Systems (CTS) компаниясы Астана қаласында платформа кезекшісі лауазымына қызметкерлерді қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қағып кетті
Оқиға 5 наурыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында Ақтау қаласындағы 7 және 9 шағын аудандардың аралығында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтпек болған кезде оны көлік қағып кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Наурыз, 2026
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысып, мемлекеттік органдар басшылығы және облыс әкімдерінің қатысуымен Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Президент қойған міндеттер шеңберінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының үздіксіз қызметіне қатысты мәселелер қаралды, деп жазады Egemen.kz.