Жасанды интеллект • Бүгін, 12:10

Астанада құрылыс барысын жасанды интеллект бақылайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада құрылыс нысандарының барысы жасанды интеллект (ЖИ) және компьютерлік көру технологиялары арқылы бақылауға алына бастады. Бұл туралы сала министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада құрылыс барысын жасанды интеллект бақылайды

Фото: Үкімет, телеграм

2026-2027 жылдарға арналған бекітілген жоспар шеңберінде ведомство құрылысқа алдын ала қадағалау тетігін енгізіп жатыр. Жаңа технологиялық шешімдер әрбір нысанға цифрлық паспорт берілетін бірыңғай цифрлық экожүйе құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе мониторинг жүргізуді жеделдетіп, тексерулер кезінде адами факторға байланысты тәуекелдерді азайтады.

2026 жылы тұрғын үй құрылысына қанша қаржы бөлінеді?

Астанада қанатқақты жоба ретінде компьютерлік көру мен жасанды интеллект технологиялары енгізілді. Жүйе:

− жер учаскелерін мақсатсыз пайдалануды;
− қала құрылысы жоспарынан ауытқуларды ерте кезеңде автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

«Деректерді орталықтандыру барлық жүйелерді біртұтас цифрлық экожүйеге біріктіреді, ал нысандарға цифрлық паспорт беру арқылы сәйкестендірудің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Өзара іс-қимылды автоматтандыру адами фактордың әсерін азайтады», деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.

Олжас Бектенов: Ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысына көңіл бөлу керек

Бұл жаңалық құрылыс сапасын арттыруға, заң бұзушылықтарды азайтуға және жобаларды уақытылы іске асыруға жол ашады.

Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?

Соңғы жаңалықтар