Фото: Астана әуежайының баспасөз қызметі
Астана әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Орал, Қызылорда, Бішкек және Омск бағыттарындағы 11 рейс кешігіп келеді. Олардың 2-еуі өндірістік себептерге, 3-еуі ұшақ алмастыруына байланысты, ал қалған рейстердің кешігуі ұшақтың кеш келуінен туындаған.
Шымкент, Петропавл, Семей, Алматы және Омск бағыттарында 9 рейс кешігіп жатыр. Оның 2-еуі Астанадағы ауа райына, қалғандары ұшақтың кеш келуіне байланысты.
Flydubai әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды
Сондай-ақ, келу бойынша − 3 рейс, ұшу бойынша − 8 рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған.
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты