Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық банктің 11 наурызға ұсынған ресми бағамы бойынша 1 доллар 494,84 теңге болды. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,58 теңге. Еуро – 537,40.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау орындарында доллар 496 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 493,3 теңге. Еуро 530-536 теңге аралығында құбылып тұр.
Жұмыс кабинетінен 15 мың доллар табылған: Петропавлда экс-судьяларға қатысты үкім шықты
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 498 теңге, сатып алу құны – 492 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,47-5,57 аралығында саудаланып жатыр.