Фото: Үкімет, телеграм
Облыс басшысы Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына түзетулер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, 2024 жылы су басқан жаңа учаскелердің анықталуына байланысты аталған жұмыстардың орындалу мерзімдері созылып кеткен. Сол орайда осы учаскелер бойынша қосымша гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ су басуға бейім аумақтардың функционалдық аймақтандырылуын қайта қарау қажеттілігі туындаған.
«Орал қаласы бойынша қоғамдық тыңдау өткізіліп, жоба мақұлданды. Енді құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберіледі», деді Нариман Төреғалиев.