ЕС
Аймақтар • 21 Шілде, 2025
Саржалдың қымызы – саңлақ қымыз
Елімізде бұрын-соңды болмаған BaiQymyz гастрофестивалінде Абай облысының Саржал ауылы бас жүлдені қанжығасына байлады, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 21 Шілде, 2025
1962 жылы кеңестік жазушылар Аркадий мен Борис Стругацкийлер «Полдень, XXII век» атты ғылыми-фантастикалық повесін жарыққа шығарады. Бұл шығармада болашақтағы ғылым мен техниканың жетістіктері, адамзаттың жаңа даму сатысына көтерілуі кеңінен суреттеледі. Солардың бірі – Каспаро-Карпов жүйесі деп аталатын таңғаларлық технология. Бұл жүйе адамның миын «көшіріп», оның математикалық моделін жасау арқылы адам санасын зерттеуді мақсат етеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Шілде, 2025
Атыраудағы «Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты таратқан ақпаратқа қарағанда, құстардың өлексесі Шалыга аралында анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 21 Шілде, 2025
Астанадағы кейбір көшелер жабылды
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 21 Шілде, 2025
Украина Ресейден 7 млрд доллар өндіріп алуды көздейді
Украина Ресейден 7 миллиард доллар өндіріп алу үшін халықаралық арбитраж соттарына жүгінбекші. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Шілде, 2025
«ZAVOD FEST» – мол мүмкіндіктер алаңы
ERG компаниясы құрамындағы «Қазақстан алюминийі» мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ металлургтер күніне орай және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап кең ауқымды фестиваль өткізді. Фестиваль барысында кәсіби бағдар жайы түсіндіріліп, зауыт жұмысының қыр-сыры көрсетілді. Көрермен құрметіне думанды концерт те қойылды.
Есірткі • 19 Шілде, 2025
Алматы облысында каннабис егілген ірі плантация анықталды
Алматы облысының прокуратурасы каннабис егілген ірі плантацияның анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 18 Шілде, 2025
Есірткі сатамын деп есі кеткен
Соңғы күндері Ақмола облысында үш әйел есірткі таратқаны үшін тиісті жазаға тартылды. 28 жастағы Көкшетау тұрғыны мобильді қосымша арқылы есірткі сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 18 Шілде, 2025
Атырау тұрғыны қарасора өсіріп, тоңазытқышта сақтаған
Атырау облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 40 жастағы тұрғыннан 16 келі қарасора тәркіледі, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 18 Шілде, 2025
Елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылды
Бас шаһардың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тарапынан Сығанақ көшесінің Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Шілде, 2025
Атырауда ескерткіштің астында қалған жасөспірімнің өліміне кінәлі сотталды
Атырауда 2024 жылғы маусымда бір отбасындағы екі баланың үстіне ескерткіш құлаған еді. Соның салдарынан 7 жасар қыз ауруханада көз жұмды. Ал 9 жасар ұлдың қолы сынды. Жергілікті полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс Атырау қаласындағы № 2 сотта қаралды. Ескерткішті орнатқан Б.-ға Қылмыстық кодектің 306-бабының 3-бөлігімен айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 18 Шілде, 2025
Колледж студенттерінің республикалық слеті өтеді
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің республикалық слеті Ақмола облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының филиалында шілденің 21-23 күндері аралығында өтеді. Оған елдегі барлық өңірден 100 жұмысшы мамандық өкілі қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Шілде, 2025
Инвестиция көлемін арттыру жайы талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ADCB» Ислам Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Гордон Хаскинспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 17 Шілде, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада осы сенбі-жексенбіде яғни 19-20 шілде күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Шілде, 2025
Абай облысында арнайы есептегі 62 адам жүргізуші куәлігін алған
Үржар ауданының прокуратурасы психиатр-наркологтың диспансерлік есебінде тұрған 62 адамның жүргізуші куәлігін алғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Шілде, 2025
Ақмола облысында бір айда 24 есірткі қылмысы тіркелген
Есірткімен күрес операцияларының басты мақсаты есірткі өсімдіктерін жою және синтетикалық есірткілерді тарататын қылмыстық топтардың әрекетін тоқтату. Бір ай ішінде Ақмола облысында 24 есірткі қылмысы тіркеліп, 311 ескерту жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 16 Шілде, 2025
Атырау тұрғыны сарайда қарасора өсіріп келген
Атырауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 52 жастағы тұрғынның қарасора өсірумен айналысқанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 16 Шілде, 2025
BaiQymyz фестивалінде 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады
Астанада «Қазанат» ипподромында осы айдың 19-20 күндері халқымыздың киелі сусыны – қымызға арналған бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өтетіні мәлім, оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысып, жалпы көлемі 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады деп күтіліп отыр. Гастрофистивалге қатысу тегін болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
29 гидротехникалық нысан жан-жақты зерттеліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 16 Шілде, 2025
«Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджі басталды
Экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамыту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Тұрғамбаев республикалық «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпкер • 15 Шілде, 2025
«Almaty Business – 2025» бағдарламасы 750-дей жобаны жарылқады
Егер 2025 жылдың алты айдағы жұмысына көз жүгіртетін болсақ, «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес компаниялары «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында 4,7 млрд теңгеге 44 жобаны қаржыландырып, бұл 320 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген. «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын Алматы қаласының мәслихаты 2019 жылы бекіткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 15 Шілде, 2025
Халықтың несие қарызы 24 трлн теңгеден асты
Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша экономикаға берілген жалпы несие көлемі 44,5 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1 трлн теңгеге немесе 22%-ға артық. Оның ішінде 24 трлн теңгеден астамы халықтың алған несиесі, 20,4 трлн теңгесі бизнеске берілген қарыз, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Шілде, 2025
Жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай алады
Жазғы демалыс уақыты. Бұл мезгілде көптеген отбасы балаларымен бірге шетелге саяхаттайтыны белгілі. Осы орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалының мамандары шетелге шыққанда қандай құжаттар керек екенін және балаға шетелдік төлқұжатты рәсімдеудің маңыздылығы жөнінде тағы бір мәрте ата –аналардың есіне салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Шілде, 2025
Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі ірі көлемде қаржы жымқырған
Жарқайың ауданы прокуратурасы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша жымқырылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Үкімет Президент тапсырмаларына қатысты жария есеп берді
Президенттің тапсырмаларын орындау аясында Үкімет елдің транзиттік әлеуетін нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл – Қазақстанның Шығыс пен Батыс, сондай-ақ Орталық Азия мен Оңтүстік Азия арасындағы негізгі логистикалық хаб ретіндегі мәртебесін бекемдеуге бағытталған стратегиялық маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 15 Шілде, 2025
Еліміздегі шағын бизнестің үлесі 32%-ға жетті
Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз брифингінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов журналистердің сауалдарына жауап берді. Сауалдың бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орта бизнестің экономикадағы үлесін 2029 жылға дейін 15%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасына қатысты қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Шілде, 2025
Comic Con Astana фестиваліне келген қонақтар саны рекорд орнатты
9-13 шілде күндері Астанада өткен Comic Con Astana-2025 фестиваліне 36 елден 10 мыңнан астам шетелдік қонақтар келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Франция, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Тайланд, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия, Молдова, Оман және тағы басқа елдер бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Ойын бизнесі мемлекеттің бақылауында болады
Туризм және спорт министрлігі құмар ойындар нарығын тиімді мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге арналған Бірыңғай есепке алу жүйесін (БЕЖ) енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған подкастта Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Ата-аналарға баланың бәс тігуге әрекет жасағаны хабарланады
Бірыңғай есепке алу жүйесін (БЕЖ) енгізу тақырыбына арналған подкаст барысында Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев бұл жүйенің кәмелетке толмағандарды бәс тігуден қорғайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Бірыңғай есепке алу жүйесі ойыншылардың құқықтарын қорғайды
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында Бірыңғай есепке алу жүйесі (БЕЖ) туралы айтылды. Жаңа жүйе ойыншылардың мүддесін қорғауға, сондай-ақ клиенттер мен букмекерлер арасындағы дауларды әділ шешуге жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.