Есірткі • 14 Қазан, 2025

Қарағандыда психотроптық дәрілердің 328 қаптамасы тәркіленді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды полиция қызметкерлері есірткі және психотроптық препараттардың ірі партиясын заңсыз тасымалдады деген күдікпен 40 жастағы астаналық тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағандыда психотроптық дәрілердің 328 қаптамасы тәркіленді

Фото: Polisia.kz

Ұстау кезінде ер адамның көлігінен 82 қаптама «Тропикамид», 6 қаптама «Прегабин Рихтер 30» және 240 қаптама «Мидакс» табылды. Барлық дәрі-дәрмек тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау және ұсталған азаматтың ықтимал сыбайластарын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу тәркіленген дәрі-дәрмектерді сатып алу және тарату арналарын анықтауда.

 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37