
Фото: Оқу-ағарту министрлігі (архив)
Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ваучерлік қаржыландыру пилоттық жоба ретінде қолға алынған.
«Білім туралы заңның 62-бабының 1-тармағына сәйкес 2025 жылғы қазан айынан бастап бес балабақшаны ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасынан шығару туралы шешім қабылданды. Нақтылай айтқанда, Атырау қаласындағы №20 «Алтын балық», №8 санаториялық бағыттағы «Ақбота», №28 «Алмагүл», №37 «Болашақ» және №48 «Родничек» балабақшалары ваучерлік жүйеден шығарылды. Кейінгі үш балабақша күрделі жөндеуді қажет етіп отыр. Ваучерлік жүйе бойынша қаржы нақты қабылданған балалар санына қарай бөлінеді. Аталған мекемелер толыққанды қаржыландыруды ала алмай келген», деді басқарманың баспасөз қызметі.