
Қала әкімі Дархан Сатыбалды форумда сөйлеген сөзінде Алматының өңірдегі бизнес, туризм және креативті индустриялар үшін тартымды орталық екенін атап өтті.
Қазіргі таңда Алматы креативті индустрияның жетекші орталығы мәртебесін сақтап отыр. Туризм орталығы ретінде де қаланың географиялық әрі аймақтық ерекшеліктері басым. Қала басшысы Дархан Сатыбалды форум аясында Booking.com, Priceline.com және uBid. com,-ның тең құрылтайшысы, танымал инвестор және кәсіпкер Джефф Хоффманмен кездесіп, кәсіпкерлікті қолдау, инновациялық экожүйені дамыту және қала экономикасына инвестициялар тарту мәселесін талқылады. Стартаптар ауқымын кеңейту және қазақстандық компаниялардың халықаралық нарыққа шығуы да тараптар назарынан тыс қалмады.
Форум аясында қаржылануы 40 млн долларға жуық креативті индустриялардың еліміздегі алғашқы қалалық венчурлық қорын құру туралы келісімге қол қою көзделген. кино, дизайн, цифрлық мазмұн және ойын индустриясындағы жобалар осы қор тарапынан қаржыланатын болады. Ауқымды жобалардың іске асуымен қала экономикасы дамып, елдің қаржы және іскерлік орталығы ретіндегі рөлі нығая түспек.
Форум аясында панельдік пікірталастар, көрмелер, шеберлік дәрістері мен келіссөздер өтіп жатыр.
АЛМАТЫ