ет
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Абай облысында үш басқарма басшысы қызметінен кетті
Облыстық көлік, құрылыс және спорт басқармаларының басшылар ауысты. Көлік басқармасы басшысы қызметіне Мерей Байырхан тағайындалды. Ол 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында туған.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Асхат Аймағамбетов балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеу туралы ұсыныс білдірді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Instagram парақшасында балалардың смартфонға тәуелділігінің қауіпті құбылыс екеніне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 12 Қараша, 2025
1 қаңтардан бастап зейнетақы жарнасы жүйесінде қандай өзгеріс болады?
2025 жылғы 7 қарашадағы Үкімет қаулысымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 12 Қараша, 2025
Сұйытылған мұнай газының көтерме шекті бағасы қайта бекітілуі мүмкін
Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын тұрақты жеткізу және бағаны ұстап тұру мақсатында көтерме саудадағы шекті бағаларды бұрынғы деңгейде қалдыруға арналған бұйрық жобасын талқылауға шығарды. Құжатқа пікір білдіру мерзімі 25 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 12 Қараша, 2025
Елге келген туристердің ақшасының ең көп бөлігі тамақтануға жұмсалады
Kazakh Tourism ұлттық компаниясының мәліметінше, Қазақстанда шетелдік қонақтардың шығындарының шамамен үштен бірі қоғамдық тамақтану саласына бағытталады екен, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Қараша, 2025
12 қараша күні Астана мен 15 өңірде көктайғақ болып, боран соғады
12 қараша күні Астана қаласында және еліміздің 15 өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Спорт • 11 Қараша, 2025
Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғашқы жарысқа қашан шығады
Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов үлкен спортқа қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы қаласы Спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Мәдениет • 11 Қараша, 2025
Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аясында Мәскеу қаласында «Қазақстан мен Ресей достығы» скверінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа саябақ Мәскеудің Оңтүстік әкімшілік округінде, «Алма-Атинская» станциясының маңында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 11 Қараша, 2025
Уоррен Баффетт акционерлерге арнап соңғы хатын жазды
Америкалық миллиардер Уоррен Баффетт өзінің соңғы акционерлерге арналған хатын жариялап, Berkshire Hathaway компаниясының бас директоры лауазымынан кететінін хабарлады. Сонымен қатар, ол шамамен 149 миллиард долларды құрайтын жағдайын өзінің балалары басқаратын қайырымдылық қорларына жылдамдатып беруге шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қараша, 2025
Жылына 54 мың тонна авиаотын өндіре аламыз ба?
Премьер-министр Олжас Бектенов америкалық LanzaJet компаниясының бас атқарушы директоры Джимми Самариц және коммерциялық қызмет жөніндегі вице-президенті Стефан Тионмен кездесу өткізді. Кездесу барысында индустриялық және технологиялық ынтымақтастық, сондай-ақ экологиялық таза авиаотын өндіру саласында қазақстандық локализация мүмкіндіктері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қараша, 2025
Зейнетақы жинағын ипотека мен несие үшін қолдануға болады
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қараша, 2025
Дәстүр мен заман: отбасы институтының қазіргі ахуалы қандай?
Елімізде күннен күнге ажырасу жағдайлары көбейіп, оны жария ету үрдісі де жиілеп барады. Заманауи талаптар мен дәстүрлі ұстанымдар арасындағы қайшылық, жастар мен үлкен буын арасындағы пікір айырмашылығы, ақпараттық кеңістіктің ықпалы отбасы институтына әсер етіп жатыр.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті
Алматы қаласының орталығында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 10 Қараша, 2025
Колледждерден биыл қанша студент шетелдік курстардан өтті?
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 2025-2027 жылдарға трансформациялау жөніндегі Жол картасы және Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде іске асырылып жатқан бағдарламалардың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру, келешек мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қараша, 2025
Қазақстанда арнайы операция кезінде 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді
2025 жылдың қазан айында Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату мақсатында бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 10 Қараша, 2025
Ғалымдар жерге жақындап келе жатқан бөгде планеталықтардың сигналын тапты
Астрономдар 24 қазан күні Оңтүстік Африкадағы MeerKAT радиотелескопымен 3I/ATLAS объектісінен сигнал қабылдағанын мәлімдеді. Бұған дейін осы сызықтар бойынша сигналды анықтау әрекеттері сәтсіз болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Қараша, 2025
Көктайғақ пен екпінді жел: Бүгін елімізде ауа райы қалай құбылады?
Синоптиктер 2025 жылдың 10 қарашасында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, желдің күшеюі және қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 09 Қараша, 2025
Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы: Үкіметаралық комиссияның отырысы өтті
Астанада Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның XXVI отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ресейлік делегацияны Үкімет төрағасының орынбасары Алексей Оверчук басқарды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Кино • 08 Қараша, 2025
Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұқаралық ақпарат құралдарынан түрлі бағыттағы сұрақтар жиі түседі. Сол сауалдардың бір бөлігі – кино саласына қатысты. Бұл ретте қазақстандықтардың ұлттық мәдениет пен отандық киноның дамуына бейжай қарамайтыны қуантады.
Мәдениет • 08 Қараша, 2025
C5+1 елдері мәдени мұра саласындағы ниетін мәлімдеді
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы және Америка Құрама Штаттарының үкіметтері арасында мәдени мұра саласындағы ниеттері туралы мәлімдемеге қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қараша, 2025
Үкіметте «Қазақстан балалары» бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасын талқылау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Елімізде тұңғыш рет: Шорт-тректен жасөспірімдер арасында Әлем кубогі басталды
Шорт-тректен алғашқы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі 2023 жылы ұйымдастырылған. Сол кезде-ақ Қазақстан конькишілер одағы осы жарысты өткізуге алғашқылардың бірі болып өтінім берген еді. Нәтижесінде Халықаралық конькишілер одағы елімізге бір емес, қатарынан екі кезеңді сеніп тапсырды. Екі кезең де Астанада өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 07 Қараша, 2025
Астанада белсенді өмір салтын қанша зейнеткер ұстанады?
Бас шаһардың Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 25 түрлі бағыт бойынша үйірмелер жұмыс істейді. 17 мыңнан астам зейнеткер аталған орталықтардың қызметін тұрақты түрде пайдаланса, биыл 4 090 зейнеткер тіркеліп, қызмет ала бастаған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 07 Қараша, 2025
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билетінің бағасы қымбаттай ма?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке қарсаңында теміржол билеттерінің құны өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Қараша, 2025
«Калмаэги» тайфуны Вьетнамға жетті, қаза тапқандар бар
«Калмаэги» тайфуны Вьетнамның орталық таулы және жағалаудағы провинцияларына соғып, кем дегенде бес адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қараша, 2025
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар және тұман күтіледі
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылдың 8–10 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Ақмола өңірінің Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы ауылы маңында Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына бағыт алған жолаушылар автобусы бұзылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
СҚО-да бюджет ақшасы бес жыл бойы есепшінің қалтасына түсіп келген
Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығы бухгалтері бірнеше жыл бойы бюджет қаражатын өз шотына заңсыз аударып келгені анықталды. Әйел адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қараша, 2025
БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 27 жоба жүзеге асырылады
Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Шымкенттік блогер әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге бопсалаған
Күдікті 10 млн теңге ақша ақысына әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпайтынын айтқан, деп жазады Egemen.kz.