Фото: news.bunevich.kz
2026 жылы ең төменгі жалақы мөлшері өзгермейді – 85 000 теңге болып қалады.
Базалық мемлекеттік зейнетақы төлемі 35 596 теңгеге дейін өседі (2025 жылы – 32 360 теңге).
Ең төменгі зейнетақы да артады – 2025 жылғы 62 771 теңгеден 2026 жылы 69 049 теңгеге дейін.
2026 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге болып белгіленді (2025 жылы – 46 228 теңге).