Ауа райы • Кеше

Еліміздің бірқатар өңірінде 35 градусқа дейін аяз болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға қыстың алғашқы аязы келе жатыр. Ауа райын болжаушылар 9 желтоқсанда еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерінде күн күрт суытып, ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің бірқатар өңірінде 35 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге суық ауа массаларымен ұштасқан солтүстік антициклон жылдам енеді.

- Алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады. Түнгі уақытта термометр бағаны солтүстік өңірлерде минус 22-30 градусқа дейін, шығыста минус 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста минус 10-20 градусқа дейін төмендейді, - деп хабарлады ауа райын болжаушылар.

Суық ауа ағындары ең әуелі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстары аумағына өтіп, одан соң Қарағанды, Жезқазған, Абай, Шығыс Қазақстан өңірлеріне, елдің шығыс-оңтүстік, шығыс аймақтарына жылжиды.

Солтүстік облыстардың басым бөлігінде бұл күндері аязбен қоса, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжанып отыр.

Еліміздің төтенше жағдайлар қызметі аталған өңірлердің тұрғындарына аязды күндері сақ болуды, алыс сапарға шықпауды ескертеді.