Мәдениет • Кеше

Талдықорған театрына академиялық мәртебе берілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының мәдени өмірінде маңызды жаңалық — Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді. Бұл мәртебе Премьер-Министрдің 2 желтоқсандағы қаулысы негізінде ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорған театрына академиялық мәртебе берілді

50 жылдық тарихы бар театрдың шығармашылық еңбегі, репертуарды байытуы және көптеген таланттарды тәрбиелеуі жоғары бағаға ие болды. Театр ұжымы бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдап, оны үлкен құрмет әрі жауапкершілік деп айтты.

Айта кетсек, өңірде «BIKEN FEST» халықаралық фестивалі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді, биыл оған бірнеше елден тоғыз театр қатысты.

Соңғы жаңалықтар