ЕМ
Спорт • 14 Тамыз, 2025
Екатерина Таранцева Азия додасының күміс жүлдегері
Қытайдың Сиаси қаласында слаломды есуден Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Тамыз, 2025
Қонаевта чемпиондар мен жастар бір алаңда жаттықты
Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ұйымдастырған «Чемпиондық Рух» жобасы аясында ашық спорттық жаттығу өтті. Жаттығуға 150-ге жуық жас пен Олимпиада және әлем чемпиондары қатысты. Шараның мақсаты – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және чемпиондардың тәжірибесін жас буынмен бөлісу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Тамыз, 2025
Бас прокуратура Талғат Арданды экстрадициялау процесіне қатысты ресми жауап берді
Қазақстанның құқық қорғау органдары Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялауға қатысты Түркия шешімін күтіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2025
Қазақстанда мемлекеттік наградаларға ұсыну ережелері өзгерді
Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне сәйкес 1999 жылғы 8 қарашадағы №90 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну және оларды тапсыру тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына арналған құжаттардың үлгілерін және мемлекеттік наградалар белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» өкімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 13 Тамыз, 2025
Заңсыз жер телімі мемлекетке қайтарылды
«AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясы Алматы қаласындағы шағын жер телімі үшін болған дауға нүкте қойды. Қарасай батыр мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында орналасқан, өз бетінше қоршалып алынған жасыл аумақ мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Тамыз, 2025
Қазақстандық 10 балуан Болгарияға аттанады
Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2025
870-тен астам су нысаны мемлекет меншігіне алынды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 10 облыста коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылған. Бүгінде олардың балансына 872 нысан қабылданды, 283 арнайы техника берілді, 1 197 маман жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Атырауда 6 айда тұтынушылардың 24,6 млн теңгесі қайтарылды
Атырау облысында жыл басынан бері сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардан 470-ке жуық шағым түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Атырауда мұғалімдерге 11 млн теңгеден астам өтемақы төленді
Атырау қалалық прокуратурасы мектептерде ұжымдық шарттың орындалуына талдау жүргізу барысында 80-нен астам педагогтің конституциялық құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 12 Тамыз, 2025
Жәнібек Абу-Бәкір джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Қытайдың Чэнду қаласында XII Дүниежүзілік ойындар өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Өскеменде салмағы 6 келіден асатын алып қыз дүниеге келді
Өскеменде облыстық Ана мен бала орталығында салмағы 6 келі 45 грамм болатын қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 11 Тамыз, 2025
Темірлан Мұқатаев Азия додасында топ жарды
Бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесінде Темірлан Мұқатаев ел құрамасы қоржынына кезекті алтын медальді салды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Өскеменде АЭС мамандары даярланады
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 2025-2026 оқу жылынан бастап «Атом электр станциясын пайдалану» атты жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылады. Бұл бағдарлама Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) сарапшыларының қатысуымен әзірленіп, еліміздегі алғашқы атом электр станциясына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 11 Тамыз, 2025
Қазақстан - Өзбекстан бәсекесінде еліміздің боксшысы басым болды
Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатының финалдық бәсекелері өтіп жатыр. Ерлер арасында финалға шыққан 5 боксшымыз Өзбекстан спортшыларына қарсы құрлық алтынын сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
2025 жылдың күзінде қазақстандықтар неше күн демалады
2025 жылы стандартты кесте (5/2) бойынша жұмыс істейтіндер Конституция күніне орай үш күн демалады. Әдетте 30 тамызда аталып өтетін мереке сенбіге түседі, сондықтан «Мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбі – 1 қыркүйекке ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Су үнемдеудің жаңа тетіктері әзірленді
Мемлекет басшысының жыл сайын 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларды заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыру тетіктерін әзірледі. Сала министрлігі фермерлерге су үнемдеу технологияларын сатып алу-орнату бойынша және инфрақұрылым тарту кезінде ұңғыма бұрғылауға жұмсалған шығындардың өтемақы мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 11 Тамыз, 2025
Оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында топ жарды
«Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары Қытайдың Макао қаласында өткен халықаралық робототехника чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Абай облысында сумен жабдықтау жүйесін салуға 10 миллиард теңге бөлінді
Үкімет қомақты соманы елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен бөлу туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 09 Тамыз, 2025
Семейде Маңғыстау облысы Достық үйінің құрылысын бастады
Абай облысында Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын.
Спорт • 09 Тамыз, 2025
Боксшылар Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады
10 мен 11 тамызда Таиландта бокстан жастар арасындағы (U-19, U-21,) Азия біріншілігінің финалдық сайыстары өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 09 Тамыз, 2025
Абай облысында ақынның 180 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда. Онкүндіктің тоғызыншы күнінде Семейдегі Шәкәрім университетінде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Тамыз, 2025
Қазақ тазылары Хельсинкидегі Дүниежүзілік иттер көрмесінде алғаш рет әлемге таныстырылды
8 тамызда Финляндия астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан халықаралық кинологиялық федерация (FCI) эгидасы аясындағы World Dog Show 2025 дүниежүзілік иттер көрмесінде «Қазақ тазысы» ит тұқымы ресми түрде әлемге таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Тамыз, 2025
Президент Арман Әбдірәсіловті жауапты қызметке тағайындады
Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Ақша ұрлаған бухгалтер 7 жылға сотталды
Жуырда 40 млн теңгедей ақша қымқырған Айыртау ауданы білім бөлімінің бухгалтеріне сот болып, ол жеті жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 06 Тамыз, 2025
Мемлекет МӘМС-ке төлейтін жарна көлемін ұлғайтады
2027 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет тарапынан түсетін жарналардың мөлшері біртіндеп артады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Тамыз, 2025
Ұлан сарбазы әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Жағажай самбосынан Сингапурде 1-3 тамыз күндері V әлем чемпионаты өтіп, оған 20 елдің спортшылары қатысты. Жарыстар арнайы жабдықталған спорттық жағажай алаңдарында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 06 Тамыз, 2025
Азия чемпионатының жартылай финалында 5 боксшы бақ сынайды
Бүгін 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері басталды. Бұл сында еліміздің 5 боксшысы финалға жолдаманы сарапқа салады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 05 Тамыз, 2025
Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері әйелді жолда босандырып алды
Ана мен дүниеге келген сәби Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілген. Олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Астыққа орақ түсуге санаулы күндер қалды
Биылғы «Орақ-2025» қарсаңында Мамлют ауданындағы озық шаруашылықтың бірі - «Мамбетов и К» коммандиттік серіктестігінің базасында облыстық семинар өтті. Ол «Ұлы дала астығы -2025» аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Өскеменде ірі логистикалық фармацевтика хабы ашылды
Шығыс Қазақстан өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін орнықты әрі жоғары технологиялық талапқа сай дамытуда маңызды қадам жасалды. Кеше Өскеменде «Медсервис Плюс» компаниясының заманауи фармацевтикалық логистика хабы ашылды, деп жазады Egemen.kz.