Фото: Дзюдо федерациясы
«Абай Арена» спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан барлығы 600-ден астам татами шебері қатысады.
Ерлер мен әйелдер 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайтын чемпионат нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталады.
Ал, аралас-командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.