Фото: «ҚазАвтоЖол»
Көктайғақтан көліктердің жолдың шетіне шығып кеткені туралы хабарламалар жүргізушілерден 1403 байланыс орталығына жиі түскен. Аталған компанияның жолшы мамандары шұғыл түрде көмек көрсетіп жатыр.
«Қылышын сүйретіп қыс келді. Енді жолға жазғы шиналармен шықпаңыздар. Тезірек қысқы дөңгелектерге ауыстырыңыздар. Бұл сіздердің және басқа жол пайдаланушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды! 1403 байланыс орталығы сіздер үшін тәулік бойы қызмет көрсетеді», делінген ұлттық компанияның ресми хабарламасында.